2021-2022 оқу жылы Қамқоршылық кеңесінің Хаттамасы (Көшірме)Күні: 26.05.2022 ж » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2021-2022 оқу жылы Қамқоршылық кеңесінің Хаттамасы (Көшірме)Күні: 26.05.2022 ж
09
июнь
2022

2021-2022 оқу жылы Қамқоршылық кеңесінің Хаттамасы (Көшірме)Күні: 26.05.2022 ж

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ
2021-2022 оқу жылы
Қамқоршылық кеңесінің
Хаттамасы (Көшірме)Күні: 26.05.2022 ж

№4
Қатысқаны: 10
Қатыспағаны: 0
Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қаралды:
1.Жаз кезіндегі оқушылардың демалысын ұйымдастыру.
2.Оқушылар қауіпсіздігі.
3.Аз қамтылған отбасының балаларына демеушілік көрсету.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С. сөйледі:
-Мектеп жанындағы ойын алаңы бойынша 1 тәрбиеші Исаджанова З.А. бекітілді. Екі апта барысында психолог және тәлімгер Амангелдинова Б.Е. және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жабелдосов Д.К. жоспар бойынша жұмыс жасайды.Биыл мектеп жанындағы лагерь бойынша 10 бала қамтылды.
-«Үржарайым » лагеріне биыл 7 бала барады. Квота бойынша 5 бала тегін лагерьге қамтылды.Екі бала ақылы лагерьге қамтылды.Келімшартта «Үржарайым » лагері туралы айтылған,барлық 7 ата-ана танысып, қол қойып шықтыңыздар.Кесте бойынша 12-18 шілде аралығында барады.
-Биыл Қарабұйрат ауылына балаларға арналған жаздық спорт алаңы салынып жатыр.Бұл ауыл балаларына бос уақытын тиімді өткізудің бір нысаны.
Екінші мәселебойыншатәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С. сөйледі:Балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең алдымен - ата-ананың міндеті. Егер сіз жазда демалысқа жіберетін болсаңыз – онымен суда, күн көзінде, жолда, орманда, тауда жүрудің ережелері туралы әңгімелескеніңіз жөн.
Үшінші мәселебойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Баязова Д.К. сөйледі.1-маусым дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай аз қамтылған отбасы балаларына тәттілер үлестіру, аяқ киім бойынша демеушілік көрсету жоспарланған.
Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе қаулы қабылданды:
1. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы қанағаттанарлық деп бағалансын
1.Жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету ата-анаға жүктелсін.
а)Жазғы демалыс кезіндегі су қауіпсіздік ережелерін сақтау, су қоймаларының маңайында жалғыз серуендеуге рұқсат бермеу туралы
ә)Жол қауіпсіздік ережелерінің жауапкершілігі ата-анаға міндеттелсін
2. Аз қамтылған отбасы балаларына демеушілік көмек көрсетілсін
Мектеп директоры: А.С. Рымбаева
Хатшы:Амангелдинова Б.Е.