Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген іс -шаралар туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген іс -шаралар туралы мәлімет
28
февраль
2024

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген іс -шаралар туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ
2023-2024 оқу жылы
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізілген іс -шаралар туралы
мәлімет
Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ЖКО (жол көлік оқиғалары ) жағдайларын азайтуға бағытталған жұмыстар бойынша ,оқушылардың жолда жүру ережелерін сақтау, жол белгілерін білу , көше қиылысы, көлік түрлері жөнінде ақпараттандыру мақсатында балабақшада «Абайла балақай !» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Өткізген балабақша тәрбиешісі Орысбаева Д.С. 1-сынып жеткешісі Исаджанова З.А. «Тоқта,сақтан, жол ашық !» тақырыбында сынып сағатын өткізді.6-7 сынып жетекшісі Буланова М.О. «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» тақырыбында сынып сағаты өтті. 3-4 сынып жетекшісі Мустафаева Т.С. «Жол белгілерін білеміз бе?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Білім беру ұйымдары аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жарықтандыру жұмысы жүйеге келтірілді , кәріз люктері жабылған.Ата-аналар жұртшылығының қатысуымен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселесі бойынша ата-аналар жиналыстары жүргізілді.Білім беру ұйымының сайттарында балалар мен ата-аналар үшін балабақша мен мектеп схемалары орналастырылды, сондай ақ ата-аналар жиналасында таныстырылды. Төтенше жағдай кезінде (өрт, жер сілкінісі) білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Төтенше жақдай барысындағы әрекет амалдары туралы бейнефильм көрсетіліп , талдау жүргізілді. 15 желтоқсанда 1-7 сынып оқушылары өрт қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқаулықпен таныстыру, су қолымен электр жүйесіне жоламау, абай болу керетігін түсіндіру мақсатында «Үйдегі балалардың өрт қауіпсіздігі» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті, «Өрт қауіпсіздігінің 9 ережесі» туралы бейне ролик назарларына ұсынылды. «Ересектер мен балалардың өрт қауіпсіздігінің әліпбиі» тақырыбында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балаларды үйде жалғыз қалдырмауға , қауіпті заттар газ, үтік теледидар, смартфон сияқты заттарға жолатпауға үйрету бойынша нұсқаулықтармен таныстырылды. 1-7 сынып аралығында «Сіріңкемен ойнама , абай бол!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушыларына сіріңке қауіпті зат екенін , одан өрт шығатыны туралы ескертілді.Сондай-ақ ата-аналар чатына өрт қауіпсіздігінің 9-ережесі туралы бейнеролик жіберілді. Су айдындарында жұқа мұзбен жүріп тұру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша әңгіме, танымдық сағаттар өткізілді. Білім беру обьектілерінде актілерден сақтану шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын тәлімгер Амангелдинова Б.Е. жүргізді.
https://www.instagram.com/p/C34-FluoOsj/?igsh=cm40ZmpwdGo5ZDU3
https://www.instagram.com/p/C31uX6Uotxt/?igsh=MTdjaXU3NzMyNnJtbw==
https://www.instagram.com/p/C2RqQjEoCZk/?igsh=eTE3Y3Ntb2FxdG5i
https://www.instagram.com/p/C2RlqKCoB3a/?igsh=MW15c2t6ZW13cTZzcQ==

Орындаған : Мустафаева Т.С.