Қамқоршылық кеңес қызметі отырысының хаттамасы №1 » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес қызметі отырысының хаттамасы №1
10
ноябрь
2022

Қамқоршылық кеңес қызметі отырысының хаттамасы №1

ХАТТАМА ПРОТОКОЛ
31.08.2022

Қамқоршылық кеңес қызметі отырысының
хаттамасы №1

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері

КҮН ТӘРТІБІ
2022 оқу жылындағы тұрмысы төмен отбасы балаларына «Міндетті білім қорынан» қарастырылған қаржыға ыстық тамақты ұйымдастыру туралы.
ТЫҢДАЛДЫ: Мектеп директоры Рымбаева А.С. сөз алып, «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасыларынан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 Қаулысын негізге ала отырып, «Міндетті білім қорынан» қарастырылған қаржы туралы сілтемесіне мектептегі аз қамтылған отбасынан шыққан 11 оқушыға, қаржы бөлінгенін айта келе жыл соңына дейін жалғасатынын айтып өтті. Осы оқу жылында жалпы саны-11 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілетінін айтты, Қаулыда көрсетілген санаттағы оқушыларды ғана ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек екендігін ескертті, ДТІЖО Мустафаева Т.С. құжаттары талапқа сай келетін оқушылардың құжаттарын Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне 11-ге жуық өтініштің түскендігін көрсетіп, ұсынды.
Сөз алғандар: Қамқоршылық кеңес қызметінің төрайымы Д.К. Баязова сөз алып, «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі№198 бұйрығына Аталған қызмет қалалық білім басқармасы тарапынан беріледі, осы құжатқа байланысты мемлекеттік қызметті алушы ретінде үміткер мектептің ата-аналарына хабарландырулар беріліп,түсіндірмелік жұмыстары жүргізілді, -деп айтып өтті.
Мемлекеттік қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі берілді.
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымша сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
3 )бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
4) 2008 жылға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
6)алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы,жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен,мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
8) отбасының материалдық –тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі.
Сөз алғандар: Қамқоршылық кеңес қызметінің мүшесі Исаджанова Жаңылхан 2022 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мектепте тамақтандырумен қамтамасыз етілетін оқушылар тізімін оқыды:

№ Аты-жөні (толық) туған жылы ЖСН (ИИН) жынысы сыныбы әлеуметтік жағдайы Ата-ана. аты жөні
1 Нұрланова Бәрзәнә 10.04.2014 140410600214. қыз 2 көп балалы аз қамтылған Сембаева Жанар
2 Елубай Амина 11.03.2015 150311600347. қыз 2 аз қамтылған Солтан Салиха
3 Бақытбеков Батыржан 06.07.2014 140706503291. ұл 3 АКТ Оспанова Динара
4 Бердіқан Еркебұлан 15.01.2014 140115500511. ұл 3 көп балалы аз қамтылған Төлеухан Бердіқан
5 Елубай Сабина 22.12.2013 131222600878. қыз 3 көп балалы аз қамтылған Елубай Сарсембек Солтан Салиха
6 Елубай Абылай 17.10.2012 121017500518. ұл 5 көп балалы аз қамтылған Елубай Сарсембек Солтан Салиха
7 Бердіқан Ұлжан 21.12.2010 101221604532. қыз 6 көп балалы аз қамтылған Төлеухан Бердіқан
8 Ақатай Нұралы 06.09.2010 100906552253. ұл 6 аз қамтылған Бекмұрзина Меруерт
9 Ахметжанов Алишер 02.08.2011 110802502369. ұл 6 аз қамтылған Ахметжанова Жазира
10 Сабиқан Санжар 29.04.2011 110429501165. ұл 6 аз қамтылған Тоғанбаева Гүлжанат
11 Ақатай Аянат 16.09.2009 090916651093. қыз 7 аз қамтылған Бекмурзина Меруерт

ҰСЫНЫС: Жоғарыда аты аталған білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыру қызметін алу үшін стандарттың 8-пунктіне сәйкес тұрмысы аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққаны туралы алқалық орган шешімі берілсін,-деп кеңес мүшелерінен ұсыныс берілді.
ШЕШІМ:
1. Жоғарыда берілген тізімдегі білім алушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына 6-қосымшасы 8- пунктіне сәйкес тұрмысы аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққаны туралы білім алушылардың жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну қызметі көрсетілсін.
2. Жоғарыда аты аталған 11 оқушының қажетті құжаттарының түгелдеу мектептің Т.С. Мустафаеваға жүктелсін.
3. Жоғарыда аты аталған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің уақытылы тамақтануын мектептің ТІЖО Т.С. Мустафаева қатаң түрде қадағаласын.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Баязова Д.К.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: Төкенова Г.Р.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: Шынтемиров О.А.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері : Исаджанова З.А.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері :Исаджанова Ж.А.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері :Амангелдинова Б.Е.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері: Дүйсенбаева К.К.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:Жабелдосов Д.К.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Сарсембаева