2017-2018 оқу жылы бойынша «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбында сынып сағаты » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2017-2018 оқу жылы бойынша «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбында сынып сағаты
31
январь
2018

2017-2018 оқу жылы бойынша «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбында сынып сағаты

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2017-2018 оқу жылы бойынша «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбында 8-11 сынып оқушылары арасында өткен сынып сағаты.

Шығыс Қазақстан облысы білім бөлімінің ұсынысы бойынша «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде 12 қаңтар күні тәрбие ісінің меңгерушісі М.О.Буланова 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп оқушыларын ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізудің маңыздылығымен таныстыру мақсатында «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Болашақтың энергиясы тақырыбымен өтетін ЭКСПО көрмесі әлемдік қауымдастықтың ең өзекті мәселесі- баламалы энергия көздеріне арналатынын оқушыларға түсіндіру. Болашақ энергиясы жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз етудегі қоғамдық шешімге және әдістерге жұртшылық назарын аударуға негізделген. Оқушыларға «Күн энергиясы», «ЭКСПО-2017», «Қазақстандағы жел электр станциялары», «Қазақстан Республикасындағы энергия көздері» тақырыптарында слайдтар мен бейнебаяндар көрсетілді. Оқушыларға күн энергиясы, су энергиясы, жел энергияларының экологиялық жағынан зиянсыздығы туралы түсіндірілді. Физика –математика пәнінің мұғалімі Ж.А.Исаджанова өзінің ЭКСПО көрмесіне барған әсерлерімен бөлісіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
2017-2018 оқу жылы бойынша «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбында сынып сағаты
2017-2018 оқу жылы бойынша «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбында сынып сағаты
2017-2018 оқу жылы бойынша «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» тақырыбында сынып сағаты