«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 2022-2023 оқу жылы бойынша «Күз береке, күз - мереке» атты іс-шараның орындалуы туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 2022-2023 оқу жылы бойынша «Күз береке, күз - мереке» атты іс-шараның орындалуы туралы мәлімет
20
декабрь
2022

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 2022-2023 оқу жылы бойынша «Күз береке, күз - мереке» атты іс-шараның орындалуы туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 2022-2023 оқу жылы бойынша
«Күз береке, күз - мереке» атты іс-шараның орындалуы туралы мәлімет

Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Хош келдің мектебіме Алтын күз,
Жомарттығын бақылайық бәріміз-дей келе, жыл сайын тойлап өтетін үлкен және мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелерінің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз – береке, сән – салтанат мереке айы, жиын – терім аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 10-ны мен 13-ші қазан аралығында «Күз береке, күз – мереке» атты іс-шаралары өтті. 1-ші сыныптар «Күздің керемет сыйы» атты жеміс-жидек, көкөністер композициясын құрып көрме ұйымдастырды. 2-ші сыныптар «Күз» атты өлеңді мәнерлеп жатқа айту мен сурет сайысын өтті. Ал, 3-ші сыныптар күз мезгіліне арналған ертегілер қойылымын көрсетсе, 6-шы сыныптар ақ қайың киімін әзірлеп, таныстыру бағдарламасын жасады.Жетекшісі Увалиева М.С. 5-7-сынып «Күз –жомарт » тақырыбына байланысты таныстырылым дайындап , тақырыпқа сай киім әзірледі. Жетекшісі Сарсембаева А.Г.Барлық сыныптар мерекелік дастархан әзірлеп, күзгі композицияға байланысты қол өнер дайындап келді.
2-ші сыныптар арасында өткізілген сайыстың шарты: әр сыныптан 1 оқушы «Күз» туралы 4 шумақ өлеңді жатқа мәнерлеп айтып, сол оқушы А3 форматына күз мезгілінің суретін салу болды.
Қазанның 11-і күні сағат 15.30-да болатын сайысқа 2 сыныптар арасынан 13 оқушы қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Буланова М.О. мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Исаджанова З.А. , оқушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беріп, жақсы тілектер мен ұсыныстарын айтып отырды. Өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтқан оқушылардың саны бірінен –бірі өтіп жатты. Әрине, сайыс шартында сурет салу үй тапсырмасы болғандықтан, оқушыларға өз ата-аналары сурет салуға көмектескені көрініп тұрды. Себебі, салған суреттері көздің жауын алады.
Сайысқа жауапты мұғалімдер өздерінің тапсырмаларын бөліп, өз жұмысын орындап,алға қойған мақсаттарына жетті. Сайыс өтетін жерді бірігіп безендіріп, сайысты тамашалауға 2-3 сынып жетекшісі Мустафаева Т.С. шақырды.
Сайыстың қорытындысы бойынша 2-3 сынып І орын, 6-сынып пен 5-7 сынып ІІ орынды иеленді.Белсене қатысқаны үшін барлық оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.


Орындаған : Мустафаева Т.С.