10
апрель
2023
«Бәрі де , ана, бір өзіңнен басталады» тақырыбына арналған іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет
«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ
2022-2023 оқу жылы бойынша «Бәрі де , ана, бір өзіңнен басталады» тақырыбына арналған іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет
Мақсаты: Оқушыларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу , ана еңбегіін ардақтап , құрметтей білуге тәрбиелеу. 2-наурызда «Ұлтын танытқан Ұлы аналар» тақырыбында мектеп кітапханашысы Исаджанова Зияда Айдархановна Ұлы аналардың өмір жолында ұлы еңбектерімен таныстыру, жасаған ерліктерін дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырды. 3-наурызда «Аяулы ана, ардақты ана қымбаттым!» тақырыбында 2-5 сынып оқушылары 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аналарына, ұстаздарынабейнеқұттықтау жолдап , ашық хаттар үлестірді. «Менің әжемнің туындысы» тақырыбында «Отбасы –мектеп» жобасы аясында әжелер мектебінің мүшелері Бейсебаева Алия, Баязова Дина Көкенайқызының қатысуымен мектеп оқушыларына өздерінің қолымен жасаған қол өнерлерін , тоқыма бұйымдарын көрсету , дәріптеу, таныстыру мақсатында шеберлік сағатын өткізді. Бұл шеберлік сағатында «Тұмар» әжелер мектебінің мүшелері оқушыларды тоқыма, тігу бұйымдарының қандай материалдан жасалғанын, оның қасиетін айтып , түсіндіріп өтті. Сондай –ақ оқушылар шеберлік сағатында қалдықтан түрлі бұйымдар жасауға болатынын түсініп , әр адамның сүйікті ісі болатынын білді. «Ана –өмір, ана –бақ» тақырыбында мектеп балабақшасы, даярлық сыныбы, мектеп оқушылары мектеп ұстаздарына , аналарға концерт ұйымдастырды.