«Бейбітшілік ел-тілегі » атты мектепшілік іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бейбітшілік ел-тілегі » атты мектепшілік іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет
02
май
2023

«Бейбітшілік ел-тілегі » атты мектепшілік іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ
2022-2023 оқу жылы бойынша 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік ел-тілегі » атты мектепшілік іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет
1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің озық мәдениетін, салт –дәстүрін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында 24 сәуірде 2-7 сынып оқушылары арасында «Достығы жарасқан, көп ұлтты Қазақстан!» тақырыбында бірілік сағаттары өтті.25-ші сәуірде ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрмет арттырып, татулықты , бірлікті , ортақ құндылықтарды насихаттау барысында кітапханашы Исаджанова Зияда Айдархановна «Қазақстан бірлік пен береке мекені» тақырыбында кітапханалық көрме өткізді.26-шы сәуірде оқушылар әр-бір ұлттың мәдениеті мен әдебиетін , салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында «Көп ұлтты Қазақстан» тақырыбында әр сынып жарнамалық плакаттар және қабырға газеттерін әзірлеп ілді.«Ынтымақ-достық кепілі» тақырыбында 2-3 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Жастарды достық пен ынтымақтастыққа өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде 5-ші сынып оқушысы Оралбекқызы Томирис және 6-сынып оқушысы Берікқараева Балауса 3-орын алды. Барлық жұмыстар мектептің әулеметтік желілеріне жүктелді.
Орындаған: Мустафаева Т.С.