09
декабрь
2019
Мектеп тарихы
Мектеп тарихы
Ең алғаш рет Қарабұйрат орта мектебінің негізі 1929 жылы қаланды. Мектеп ғимараты бір қабатты қазіргі Тарбағатай көшесінде орналасқан болатын. Алғаш ашылғанда мектеп жетіжылдық болды. Содан кейін 1948 жылы К.Маркс көшесінде жаңадан бөлек салынған бес ғимараттан тұратын бір қабатты мектепке көшірілді. Ол кезде мектеп «Ново-Троицкая восьмилетняя школа» деп аталатын. Оқу үрдісі тек орыс тілінде жүргізілді. Ал 1995 жылы осы мектепте алғаш қазақ сыныптары ашылды. 2000 жылы «Ново-Троицк негізгі мектебі» «Қарабұйрат орта мектебі» болып ауысты. Алғашқы он бір жылдықты мектеп түлектері 2002 жылы аяқтады. 2006 жылы орыс сыныптары жабылып, мектеп толық қазақ тілінде оқытатын болды.
Қазіргі «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012-2013 оқу жылының 13 қарашасынан бастап екі қабатты жаңа оқу ғимаратына көшірілді. Мектеп қазіргі заман талабына сай жабдықталған.