"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты науқаны » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты науқаны
21
ноябрь
2020

"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты науқаны

«Қарабұйрат орта мектеп –бақша» КММ –сі 2020-2021 оқу жылы бойынша 9-20 қараша аралығында «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында іс-шара жоспарының өткізілуі туралы қорытынды мәліметі

Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру мақсатында «Қарабұйрат орта мектеп –бақша» КММ –нде 9қараша мен 20- қараша аралығында «Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында іс-шара жоспары жоспарланды.9 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссеге жоғары 9-11 сыныптар арасында конкурс жарияланды.10 қараша күні «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында бейнеролик конкурсы ұйымдастырылды. 11 қараша күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында онлайн сурет байқауы өткізілді.12 қараша күні «Қыздың тәрбиесі-ұлттың тәрбиесі» тақырыбындагеникологпен Zoom мен байланыс ұйымдастырылды. Онлайн кездесуге 9,10 сыныптың қыздары қашықтықтан қатысты. 16 қараша күні 9-11 сынып оқушылары үшін онлайн форматта «Біз өзпроблемаларымыз туралы» 9 сынып жетекшісі Кожагулова Д.Ж., 10 сынып жетекшісі Солтан Сабира, 11 сынып жетекшісі Айтканов С.Б. онлайн сынып сағатын өткізді.Қоғамдағы зорлық-зомбылыққа байланысты өзекті мәселелері талқыланды.18 қараша күні педагог-психолог Амангелдинова Б.Е. «Заң және тәртіп» тақырыбында 8-11 сынып арасындасауалнама өткізді. 18 қараша күні жергілікті Салқынбел ауылдық округінің жергілікті учаскелік инспекторы Дулат Усаевпен «Жасөспірім және заң» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды. 19 қараша күні онкүндік науқан қорытындысы жарияланып «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай құруға болады» атты үздік эссе конкурсының нәтижесі бойынша 9 сынып оқушысы Сағындыкова Жансаяның жұмысы үздік деп танылып, мақтау қағазымен марапатталды. «Бақытты балалық шақ» тақырыбында 1-4 сынып оқушылары арасында онлайн сурет байқауының қорытындысы бойынша 3 сынып оқушысы Оралбекқызы Томирис 2 орын, 4 сынып оқушысы Тлеубергенова Мадина 1 орын және 4 сынып оқушысы Бердіқан Ұлжан 3 орынмен марапатталды. «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымын » тақырыбында бейнеролик конкурсының нәтижесі бойынша 10 сынып оқушысы Құрманғалиева Зарина 1 орынмен, 3 сынып оқушысы Оралбекқызы Томирис 2 орынмен, 4 сынып оқушысы Бердіқан Ұлжан 3 орынмен марапатталды.

Мектеп директоры: А.С. Рымбаева