"Ұстазға тағзым" » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
декабрь
2019

"Ұстазға тағзым"

«Қарабұйрат орта мектеп –бақша» КММ -нің 2019-2020 оқу жылы бойынша «Ұстазға тағзым» тақырыбында апталықтың өту барысы туралы мәлімет
Педагогтарды құрметтеу апталығының іс-шара апталығы құрылып бекітілді.Жас ұрпақ санасына өмірлік еңбек жолын үлгі ету,ұстаздардың ерен еңбегін,мол қадірін,баға жетпес орнын бағалай білу мақсатында
«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ –де 23 қыркүйек пен 6- шы қазан аралығында  «Ұстазға тағзым» атты тақырыпта апталық өткізілді. Қыркүйектің 24-і күні ұстаздарға алғыс айту күні ұйымдастырылды. Оқушылар бұл күні пән мұғалімдеріне «Ұстаздарға ақ тілек» атты тақырыпта қабырға газеттерін шығарып, қолдан ашықхаттар әзірлеп, құттықтады. Апталық барысында оқушылар  «Өз ұстазыңды құттықта!» тақырыбында креативті челлендж ұйымдастырылып, әлеуметтік желіге жарияланды.Апталық барысында оқушылардың ұстазға деген ыстық ықыласын білдіре отырып өзін-өзі басқару күнін ұйымдастырды. 5-қазан күні «Мәңгілік елдің ұстаздары» атты арнайы шақыру билеттерімен ұстаздарды меркелік концерке  шақырып, «Ұстазым, бәрі сіздің арқаңызда» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. 2-10 сынып аралығында ұстаздарға арнап өлеңдер оқыды, ұстаз туралы әндер орындап , би биледі. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бейне құттықтау көрсетілімі әзірленіп, ұсынылды.


Мектеп директоры: А.С. Рымбаева