«Қауіпсіз каникул-2021» жазғы демалыс қауіпсіздігі туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз каникул-2021» жазғы демалыс қауіпсіздігі туралы мәлімет
20
май
2021

«Қауіпсіз каникул-2021» жазғы демалыс қауіпсіздігі туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің «Қарабұйрат орта мектеп- бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жазғы демалыстың басталуына байланысты «Қауіпсіз каникул-2021» келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында оқушының өмір қауіпсіздігіне байланысты ата-аналар мен оқушылармен жүргізілген жұмыс туралы
Мәлімет

Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әрбір баланың жасына, денсаулығы мен қажеттілігіне сәйкес демалуға және бос уақытын тиімді пайланану мақсатында Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 05 шілдедегі №235 әкімшілік құқық бұзушылық туралы 127 бапты сақтай отырып, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындау туралы бапты сақтай отырып, аәр сынып жетекшісі ата-аналармен қашықтықтан жиналыс өткізіп, түсіндірме жұмыстар жүргізді. Барлық құқық бұзушылықтың жазғы каникул кезінде жасөспірімдермен жасалатыны айтылып, балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету , ең алдымен ата-ананың міндеті екені түсіндірілді.Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру ,яғни баланы компьютер мен теледидардан алшақ ұстау, жолда абай болу керектігі, бала көше бойында ойнамау , сақ болу, көше ережелерін білу туралы айтылды. Сондай-ақ су қоймалары жанында қауіпсіздігі, баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі, баланың әлеуметтегі желілердегі виртуалды достарына назар аударуын бақылау сияқты жұмыстар жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
Табиғат аясындағы серуенге, түрлі мекемелерге мектеп әкімшілігінің, сынып жетекшісінің, ата-ананың рұқсатынсыз бармауын үнемі қадағалау, сағат кешкі 20:30-дан кейін көшеге шығуын, баланың сабақтан кейінгі тәртібі мен бос уақытын тиімді пайдалануын тікелей жауапкершілікке алатындығы жөнінде ескертпелермен таныстырды. Қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертпелер мектептің әлеуметтік парақшасына, әр сыныптың чаттарына, ата-аналар комитеттерінің чаттарына таратылды.


Тәрбие ісінің меңгерушісі: Т.С. Мустафаева