«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы республикалық ата-аналар жиналысының өтуі туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы республикалық ата-аналар жиналысының өтуі туралы мәлімет
25
сентябрь
2020

«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы республикалық ата-аналар жиналысының өтуі туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-нің 2020-2021 оқу жылы бойынша
«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы республикалық ата-аналар жиналысының өтуі туралы
мәлімет
17.09.2020 оқу жылы «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-нің 2020-2021 оқу жылы бойынша
«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпы республикалық ата-аналар жиналысы штаттық режимде өтті.Жиналыстың тақырыбы «жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы»
Ата-аналар жиналысының мақсаты: коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету
Жиналыс екі буынға15 ата-анадан бөлініп қатысты. Бірінші буын сағат 10:00 де ,екінші буын сағат 11:00 де өтті.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қаралды:
1) Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары. Оқу ісінің меңгерушісі Буланова М.О.
2) Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.Тәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С.
3) Білім беру Интернет-платформасымен танысу .Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі. Оқу ісінің меңгерушісі Буланова М.О.
4) Баланың оқу режимі және демалысы. Медбике Дүйсенбаева К.К.
5) Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?Мектеп психологы Амангелдинова Б.Е.
6) Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер. 9 сынып жетекшісі Кожагулова Д.Ж.
7) Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы ережелерімен таныстыру. 1-3 сыныптың жетекшісі Исаджанова З.А.
8) Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.Мектеп психологы Амангелдинова Б.Е.
Жиналыс барысында ата-аналар шаттық оқу режимінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтарымен, санитарлық талапқа қатысты міндеттермен танысып,интернетті қауіпсіз пайдалану жөнінде ережелермен танысты.



Мектеп директоры: А.С. Рымбаева
Орындаған: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Мустафаева Т.С.