2021-2022 оқу жылы бойынша Тіл туралы заңның орындалу барысы жайлы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылы бойынша Тіл туралы заңның орындалу барысы жайлы мәлімет
02
декабрь
2021

2021-2022 оқу жылы бойынша Тіл туралы заңның орындалу барысы жайлы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сі 2021-2022 оқу жылы бойынша Тіл туралы заңның орындалу барысы жайлы мәлімет
(қыркүйек айы)
«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде 15-22 қыркүйек арасында «Мемлекеттік тілім ,менің тілім» тақырыбында апталық өтті. Мақсаты: оқушыларға тілдің үш тұғырлығы туралы түсіндіру, оларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, орыс, ағылшын т.б. тілдерге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру. Гуманитарлық пәндер бірлестігі бірлестік жетекшісі Д.Ж.Кожагулованың басшылығымен онкүндік ұйымдастырып өткізді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Ж.Кожагулова 9 сыныптар арасында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты интеллектуалды сайысын өткізді. 1-сынып жетекшісі Мустафаева Т.С..«Ананың тілі , жүректің үні» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды. 2-4 сыныпта Исаджанова З.А. «Тіл – ұлттың жаны», 5-6 сынып жетекшісі Увалиева М.С. «Ана тілім-арым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 7 сынып жетекшісі Оспанова Д.Е. «Тапқыр болсаң тауып көр» тіл жанашырларына дебат ұйымдастырылып жоғары деңгейде өтті. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Сарсембаева А.Г. «Мен көп тілді білемін» атты марафон өткізді. Апталық соңында іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.


Орындаған: Мустафаева Т.С.