«Азамат» ұлдар клубының жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Азамат» ұлдар клубының жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы
12
февраль
2022

«Азамат» ұлдар клубының жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сі 2021 -2022 оқу жылындағы желтоқсан айы бойынша
«Азамат» ұлдар клубының жұмыс жоспарының орындалуы туралы мәлімет
Желтоқсан айында ұлдардың намысын , патриоттық сезімін ояту мақсатында «Ер намысы, ел намысы» тақырыбында 5-6 сыныпта пікір сайыс өтті . Сынып жетекшісі Увалиева М.С. өткізді. Дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру.Адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту мақсатында Қожағұлова Д.Ж. «Есірткі және есірткі құмарлық деген не?» тақырыбында дәріс өткізді. Мектеп формасын қадағалау мақсатында «Ұқыпты, сәнді киіне білу» ұлдардың сырты келбетіне назар аударуға ақыл – кеңес беріліп отырады. Әр аптаның басында сынып жетекші , тәрбие ісінің меңгерушісі тарапынан ұлдардың тәртібін, жүріс – тұрысын, мінез – құлықтарының қалыптасуына ықпал етіп отырады. Ұл балалардың жеке бас гигиенасының тазалығы жөнінде, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру туралы танымдық әңгіме жүргізіледі.
тәрбие ісінің меңгерушісі ақыл-кеңестерін айтып отырады.Желтоқсан айында тәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С. 9-10 сынып ұлдарына ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақатында «Аулақ бол жаман әдеттен» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. 4-8 желтоқсан аралығында «Вейп-денсаулыққа өте қауіпті!» тақырыбында 7-10 сыныптар арасында апталық өтті.9-10 Сынып жетешісі Кожагулова Д.Ж. 5-желтоқсанда «Ұрпақ саулығы,ұлт саулығы» тақырыбында ұлдарға және ата –ананың қатысуымен тәрбие сағатын өткізді.

Орындаған: Мусатфаева Т.С.