«Қызғалдақ» қыздар клубы бойынша іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қызғалдақ» қыздар клубы бойынша іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы
12
февраль
2022

«Қызғалдақ» қыздар клубы бойынша іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет 2021-2022 оқу жылы

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сі 2021 -2022 оқу жылындағы
«Қызғалдақ» қыздар клубы бойынша іс-шара жоспарының орындалуы туралы мәлімет
Желтоқсан айында шашы ұзын қызды анықтау, қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу, салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау, эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Жарнама, фото жанрында талғампаздық, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу мақсатында «Шаш өру – қазақ қызына тән» кезекті отырыс өтті.Өткізген педагог –психолог Амангелдинова Б.Е. «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» тақырыбында тәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С. баяндама оқып, ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында «Ерте жүктіліктің қаупі» туралы бейне фильм көрсетілді. Мектеп психологы қыздарға байланысты жасырын сауалнама алды.Әр аптаның басында тәрбие ісінің меңгерушісі қыздармен «Әсем киіне білеміз бе?» тақырыбында мектеп формасын кию туралы, «Қыз қылығымен көрікті » деген тақырыпта қыз баланың мектептегі жүрісі , шашы, жеке басының тазалығы жөнінде танымдық әңгімелер айтылады.

• Орындаған: Мустафаева Т.С.