"Қазақстан балалары - қысқы ертегі» Қысқы демалысты жоспарлауға ұсынылған жоспардың орындалуы туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қазақстан балалары - қысқы ертегі» Қысқы демалысты жоспарлауға ұсынылған жоспардың орындалуы туралы мәлімет
12
февраль
2022

"Қазақстан балалары - қысқы ертегі» Қысқы демалысты жоспарлауға ұсынылған жоспардың орындалуы туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 2021-2022 оқу жылы
"Қазақстан балалары - қысқы ертегі»
Қысқы демалысты жоспарлауға
ұсынылған жоспардың орындалуы туралы мәлімет


«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ –де 30-желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында қысқы демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру, қашықтықтан, оның ішінде қысқы каникул кезінде білім алушылардың қамтылуын, іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі іс-шаралар жүктелді. Қысқы демалыс барысында оқушылар қысқы қауіпсіздік шараларын ескере отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, қызығушылықпен орындады.

30 желтоқсанда "Қауіпсіз демалыс" бейнероликтері іске қосылып, 1-11 сынып оқушылары қысқы қауіпсіздік ережелерін тамашалап, қашықтықтан қысқы демалысқа байланысты өз пікірлерін білдірді. 31 қаңтарда технология пәнінің мұғалімі Шынтемиров О.А. 5-6 сынып оқушыларына жаңа жылдық онлайн – шеберханасын көрсетті.Оқушылардың қиялын ұштау, қызығушылығын арттыру мақсатында «Өз қолыңызбен жасалған сыйлық – ең керемет сыйлық!» тақырыбында өз қолдарымен түрлі-түсті қағаздан сыйлықтар жасатты. Жасаған сыйлықтарын қашықтықтан жолдады.
1-4-сынып арасында "Қысқы қиял" шығармашылық жұмыстарының онлайн – көрме -байқауы ұйымдастырылды.
Оқушылардың жұмыстары мектептің ресми парақшаларына , мектеп сайттарына орналастырылды,әлеуметтік желілерде жарияланды. 1-қаңтарда «Жаңа жылмен құттықтаймыз, отбасылық тілек сыйлаймыз!»тақырыбында 7-сынып оқушылары құттықтау бейнеролигін жолдады. 1-сынып оқушылары 2-қаңтарда «Жаңа жыл – отбасылық мереке» фотоколлаж дайындап, мектептің әллеметтік желілеріне жүктеді.4-сынып оқушысы Оралбекқызы Томирис -"Біздің жаңа жылдық отбасылық дәстүрлеріміз" тақырыбында бейнепроект дайындап , көптің көңілінен шықты.Мектептің кітапханашысы Исаджанова З.А. «Кітаптар жіне түйінді ой» тақырыбында 2-4 сынып оқушыларымен онлайн кездесу ұйымдастырды. Оқушыларға кітаптың маңыздылығын жеткізіп, онлайн кездесуін түйінді оймен қорытындылады. Қысқы каникул кезінде балалардың жұмыспен қамтылуын, демалысын және сауықтырылуын әдістемелік қолдау мақсатында дене шынықтыру мұғалімі Жабелдосов Д.К. 5-6 сынып оқушыларына . -«Жаңа жылдық серпантин» онлайн би марафоны ұйымдастырып, жақсы қатысқан оқушылардың жұмыстарын бағалап, онлайн мақтау қағаздарын жолдады.
Қожагулова Д.Ж. «Жаңа жыл жұлдыздары!» (ән, би, шешендік өнер) сияқты тапсырмаларды бастауыш сынып оқушыларына жүктеп , ең сапалы жұмыстарын іріктеп, мектептің әлеуметтік парақшасына жүктеді. Сонымен қатар жақсы белсенді қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады. Атап айтсақ, 2-сынып оқушысы Солтан Құралай, 1-сынып оқушысы Нұрланова Бәрзәнә . Қысқы демалыстағы оқушылардың жұмыстары бағаланып, мектептің парақшаларына, мектептің ресми сайттарына жүктелді.
Орындаған: Мусатфаева Т.С.