Алғашқы қоңырау » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2019

Алғашқы қоңырау

«Қарабұйрат орта мектеп –бақша» КММ –сі 2019-2020 оқу жылы бойынша «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынының өту барысы туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп –бақша» КММ –сінде 1 қыркүйек күні «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Жиын басында Жастар орталығының бас маманы Қыржибаева Жанар Болатқызы мен мектеп директоры Рымбаева Айгуль Смагуловна құттықтау сөз сөйледі. Оқу ісінің меңгерушісі Буланова Майра Олжабаевна сыныптан сыныпқа көшу бұйрығымен және әр сыныпқа тағайындалған сынып жетекшілерімен таныстырды. Мектебімізде биыл бірінші сынып болмағандықтан даярлық тобына жеті тәрбиеленуші мектеп табалдырығын аттады. Даярлық тобының тәрбиешісі болып Серикбаева Айгуль бекітілді . Даярлық тобының ата-анасы Нұролла Гүлғасыл мен Жанахмет Майра мектеп табалдырығын аттаған тәрбиеленушілерге және оқушыларға өз тілегін білдірді және шағын оқу- құралдары үлестірілді. Мектеп туралы әдеби монтаж даярлық тобының тәрбиеленушілеріне берілді. 3 сыныптың озат оқушысы Бердіқан Ұлжан «Алғашқы ұстазым» туралы әнді орындады . «Мектебім » туралы әнді 4 сынып оқушысы Құрманғалиева Ясмина орындады. «Алғашқы қоңырау » соғу рәсімі даярлық тобының екі тәрбиеленушілері Берікқараев Ерсұлтан мен Елубай Сабинаға берілді. Жиын соңында әр сыныпта «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » атты тақырыпта ашық тәрбие сағаттары өтті.



Мектеп директоры: Рымбаева Айгуль Смагуловна