25
октябрь
2019
«Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы»
«Отбасы-тәрбие басы, мектеп-тәрбие жаршысы» атты тақырыпта 25 қазанда 2-10 сыныптарда біріңғай сынып сағаттары өтті. Отбасы тәрбиесінің мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2-4сыныпта «Отбасы барлығы бірге», 3 сыныпта «Отбасы -барлығының басы» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өтті. 5 сыныпта «Отбасы –кішкентай ел » тақырыбында әңгімелесу сабағы өтті.7 сыныпта «Мен отбасымен мақтанамын» тақырыбында диспут өтті. 8 сыныпта «Отбасындағы бос уақытты өткізу дәстүрі» туралы пікірлесу сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 2-4 сыныптар арасында «Менің қымбатым және сүйіктілерім» тақырыбында фотосуреттер көрмесі тамашаланды. 9 сыныпта «Менің отбасымның естелік күндері» өз отбасылары туралы әңгіме презентеция жүргізілді. Нәтижесінде оқушыларда өз отбасына деген құрмет, махаббаты оянды. Отбасы әлемінде өзара түсіністік қалыптасты.Отбасындағы кішілерге қамқорлықпен қарауға деген сезімдері оянды.Өз отбасындағы жетістіктері, қоғамның жетістігі екенін сезінді.