13
февраль
2023
«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы»КММ бойынша Оқушы қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын ал
«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы»КММ бойынша
Оқушы қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу,
балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу туралы, құқықбұзушылық, оқушыларарасындағы әлімжеттік бойынша жүргізілген тәрбие жұмыстарының есебі
2022-2023 оқу жылы
Мектебімізде 0-7 сыныпта 19 оқушы, 1 оқушы үйден оқытылатын оқушы , қалған 14 мектепте.
Тегін ыстық тамақпен қамтылған 10
Тәрбие жұмысының мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу
2022-2023 оқу жылы оқушы қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу,
балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу , құқықбұзушылық, оқушыларарасындағы әлімжеттік болдырмау мақсатымен мектеп оқушылары арасында жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жөніндегі аудандық іс-қимыл жоспары негізінде жұмыстар жүргізіліп жатыр.
І.Сәтсіз отбасылармен жұмыс
Мектеп бойынша сәтсіз отбасылар жоқ
ІІ.ҚР-ғы кәмелетке толмағандардың құқықтық мүмкіншіліктері туралы түсіндірме жұмыстары
2022-2023 оқу жылы бойынша қараша айында халық аралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы және адам құқығы» республикалық онкүндік акция аясында іс-шаралар атқарылды.«Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ республикалық акция аясында 2-7 сынып оқушыларына семинар ұйымдастырылып, сауалнамалар алынды. Зорлық-зомбылық көрген оқушыларды анықтау мақсатында оқушылардан жасырын сауалнамалалар алынды. Сауалнамалар нәтижесінде мектебімізде ,үйде зорлық –зомбылық көрген оқушылар анықталмады. 11 қарашада «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында 2-5 сынып аралығында сурет байқауы ұйымдастырылды. 14-қарашада бала құқығы туралы білімдерін тексеру мақсатында 6-сынып оқушыларына эссе жазу тапсырмасы берілді. 6-сынып жетекшісі Увалиева М.С. «Құқығым бар» эссе байқауы ұйымдастырды.15-қаршада «Бала және оның құқығы» тақырыбында 5-7 сынып арасында бейне көрсетілімді мектеп тәлімгері Амангелдинова Б.Е. ұйымдастырып , әр оқушыға жекелей тапсырмалар берлді. 17-қарашада «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында 5-7 сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. 5-7 сынып жетекшісі Сарсембаева А.Г. жоғары дайындықпен ұйымдастырды.Мектепішілік кеңес және аудандық ІІБ қызметкерімен кездесіп түсіндірме жұмыстары өткізілді, Жағдайы нашар отбасы балаларын,сондай орта буын сынып оқушыларының түнгі уақытта көшеде жүру фактілерін айқындайтын рейд кестесі жасалып, рейд жасалады. Ата-аналармен 2022 жылы қараша айында құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты жиналыс өткізілді.
«Қылмыс және заң» «Құқығыңды білесің бе? Тақырыптарында сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді. Мектеп әкімшілігі тарапынан айына бір рет 5-7 сыныптарға жиналыс және мектепішілік тексеру өткізіліп тұрды.
ІІІ. Жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары барысында мектеп психологы тарапынан анкеталық сұрақтар,жасырын сауалнамалар алынып , сараптама жасалынады.Мінез құлыққа байланысты5-7 сыныптар арасында психологиялық тренингтер өткізілді.
ІҮ.Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет Әлімжеттік, ақша жинау, қысым көрсету жағдайларының алдын алу, буллингтердің алдын алу мақсатында жасырын сауалнамалар алынды. 5-7 сынып жетекшісі Сарсембаева А.Г. «Зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мектептің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Мустафаева Т.С. «Зорлық –зомбылық туралы мен не ойлаймын?» тақырыбында жасырын сауалнама алынды. Сонымен қатар « Жасөспірімдер арасында бопсалау , буллинг » тақырыбында сауалнамалар алынып , таныстырылымдар көрсетілді.Мектепте «Сенім» жәшігі қарастырылған. Сондай-ақ зардап көрген оқушыларға көмек қолын тигізу мақсатында Qr –код ілінген.
Психолог тарапынан оқушылармен жеке әңгімелер жүргізіліп тұрады.
Жаппай оқуға қамту айлығы аясында «Мектепке жол», «Ризашылық», «Жүректен жүрекке» акциялары ұйымдастырылып, оқу құралдарына, киім-кешек түрінде көмек, қолдау көрсетілді.
Ү. Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалды сипаттағы әрекеттердің алдын алу және болдырмау.
Ерте жыныстық қарым-қатынастың зияны туралы мектеп оқушыларымен қыркүйек айында мектеп медбикесі және психологпен, қамқоршылық кеңес төрайымы, «Ғибрат» әжелер мектебі мүшелерімен бірлесіп қыздар арасында танымды әңгімелер, өнегелі сағаттар жүргізілді. 2022-2023 оқу жылы бойынша қараша-желтоқсан айлары бойынша қыздармен жұмыс жүргізілді.
Мақсаты: Сыныптағы әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.
Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу мақсатында бейнероликтар көрсетілді,мектеп медбикесімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл жұмыс қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру үшін және қыз баласына тән белгілі бір ұнату сезімін бастан кешіру кезінде түсініспеушілік болса, оған қыздардың мұңайып, өздеріне жамандық жасамауы үшін алдын алуға міндеттейді. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, шаштарын соңғы сән үлгісімен өздеріне жарасатындай қию туарлы кеңестер берілді.Сонымен бірге өз құқықтырын біліп, өздерін қорғауға және мектеп оқушыларының, яғни өз міндеттерін дұрыс орындауға тәрбиелеу барысында«Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқып-үйрену процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына төмендегідей қолайлы жағдайларды жасалды.
Мектептегі жаймашуақ орта;
Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;
Әрбір оқушы қыз баланың мүддесіне көңіл қою;
Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;
Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.
Сонымен қатар мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай бойжеткен идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару мақсатында «Мектеп формасы-2022» тақырыбында презентациялар әзірлеу тапсырмалары берілді.
ҮІ. Сабақтан тыс уақытта балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру.
Мектеп оқушылары сабақтан тыс уақытта жекелеген пәндерден қосымша сабақтарға қатысады. Сондай-ақ, спорттық секцияларға барады. Бұдан бөлек мектепішілік, аудандық әртүрлі шараларға дайындық жұмыстарын жүргізіп қатысады. Басқа да мектепішілік, аудандық шараларға қатысып, мектеп оқушыларының бос уақыттары қамтылуда. «Дұрыс тәрбие –балаға өмір бойы азық» демекші оқушыларға сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылады. Әр түрлі кездесулер, әр түрлі спорттық сайыстар, балаларға арналған журналдар пайдалану, кітапханадан кітаптар алып оқу, каникул кезінде қызықты тапсырмалар беру, мектептен тыс кезінде шана, шаңғы жарыстарын өткізу,икеміне қарай сурет салғызу сияқтя тапсырмалар беріледі.
ДТІЖО Мустафаева Толкын Сейсенбековна