26
декабрь
2019
Ерте жүктіліктің алдын алу
«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2019-2020 оқу жылы бойынша қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» туралы бірыңғай жиналыстың өткізілуі туралы
Мәлімет
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалардың арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде қарашаның 27 –сі күні 8-10 сынып арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» туралы бірыңғай жиналыс өткізілді. Жиналысқа мектеп директоры Рымбаева А.С., оқу ісінің меңгерушісі Буланова М.О., тәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С., педагог-психолог Амангелдинова Б.Е. және мектептің медбикесі Дуйсембаева К.К. қатысты. Жиналыс барысында мектеп медбикесі Дүйсембаева К.К. . ерте жүктіліктің алдын алу туралы мәлімет беріп өтті. Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? деген сұрақ төңірегінде ой қозғап, алдын алу шараларымен таныстырып өтті. «Қыз әдебі» тақырыбында баяндама оқып , ерте жүктілік салдарынан денсулықтарынан айырылатынын, түрлі ауруларға ұшырайтынын баяндап өтті. Сөз кезегінде тәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С. Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы — жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалатын салдарынан қыздар арасында осында қателіктерге ерте ұрынатынын атап өтті. Өмірден сабақ алу мақсатында «Ерте жүктіліктің алдын алу» туралы бейне ролик көрсетілді. Жиналыс соңында қорытынды сөзді мектеп директоры Рымбаева А.С. сөйледі.
Мектеп директоры: А.С. Рымбаева