«Берекелі , мерекелі алтын күз!» атты іс-шараның орындалуы туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Берекелі , мерекелі алтын күз!» атты іс-шараның орындалуы туралы мәлімет
21
ноябрь
2023

«Берекелі , мерекелі алтын күз!» атты іс-шараның орындалуы туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 2023-2024 оқу жылы бойынша
«Берекелі , мерекелі алтын күз!» атты іс-шараның орындалуы туралы мәлімет
Жомарттығын бақылайық бәріміз-дей келе, жыл сайын тойлап өтетін үлкен және мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелерінің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз – береке, сән – салтанат мереке айы, жиын – терім аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 20-26 қыркүйек аралығында «Күз береке, күз – мереке» атты іс-шаралары өтті. 1-ші сыныптар «Күздің керемет сыйы» атты жеміс-жидек, көкөністер композициясын құрып көрме ұйымдастырды. 3-ші сыныптар «Күз» атты өлеңді мәнерлеп жатқа айту мен сурет сайысын өтті. Ал, 4-ші сыныптар күз мезгіліне арналған ертегілер қойылымын көрсетсе, 6-шы сыныптар жапырақ киімін әзірлеп, таныстыру бағдарламасын жасады. 6-7-сынып «Күз –жомарт » тақырыбына байланысты таныстырылым дайындап , тақырыпқа сай киім әзірледі.Жетекшісі Буланова М.О. .Барлық сыныптар мерекелік дастархан әзірлеп, күзгі композицияға байланысты қол өнер дайындап келді.
3-4-ші сыныптар арасында өткізілген сайыстың шарты: әр сыныптан 1 оқушы «Күз» туралы 4 шумақ өлеңді жатқа мәнерлеп айтып, сол оқушы А3 форматына күз мезгілінің суретін салу болды.
Қыркүйектің 26-і күні сағат 15.30-да болатын сайысқа 1-7 сыныптар арасынан 10 оқушы қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Буланова М.О. мен ата-аналар, оқушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беріп, жақсы тілектер мен ұсыныстарын айтып отырды. Өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтқан оқушылардың саны бірінен –бірі өтіп жатты. Әрине, сайыс шартында сурет салу үй тапсырмасы болғандықтан, оқушыларға өз ата-аналары сурет салуға көмектескені көрініп тұрды. Себебі, салған суреттері көздің жауын алады.
Сайысқа жауапты мұғалімдер өздерінің тапсырмаларын бөліп, өз жұмысын орындап,алға қойған мақсаттарына жетті. Сайыс өтетін жерді бірігіп безендіріп, сайысты тамашалауға 3-4 сынып жетекшісі Мустафаева Т.С. шақырды.
Сайыстың қорытындысы бойынша 3-4 сынып ,6-7 сынып І,ІІ орынды иеленді.Белсене қатысқаны үшін барлық оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.


Орындаған :ДТІЖО Мустафаева Т.С.