Денсаулық күні » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
октябрь
2019

Денсаулық күні

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2019-2020 оқу жылы бойынша «Денсаулық күні» туралы мәлімет
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда » атты ұранымен «Денсаулық күні» мәдени-спорттық шаралар кешені қыркүйектің 14 күні өткізілді. Осыған байланысты 2-10 сыныптар арасында әртүрлі спорттық іс-шаралар , флешмобтар, жүгірістер ұймдастырылды. «Денсаулық күнінің» ашылу салтанаты мен өткізілуіне, жабылу салтанатына мектеп оқушылары мен ата-аналар және ұстаздары қатысты. «Денсаулық күнінің» ашылу салтанатында мектеп директоры Рымбаева А.С. сөз сөйлеп, барлық мектеп оқушыларын осы айтулы күнмен, ізгі тілектерін тілеп құттықтады. Оқушылар және ата-аналар бағдарламамен танысты.Содан кейін мұғалімдермен бірге мерекелік шараны көңілді, бойды сергітетін таңғы жаттығулардан бастады. Спорттық- хореографиялық би флешмоб биледі.Таңғы жаттығудан кейін барлық қатысушылар екі топқа бөлінді:
Бірінші топ: Алғырлар.
Екінші топ: Тапқырлар.
1 Доппен жарыс :«Мен сияқты қимыл жаса»
2. .«Кім жүйрік»
Іс-шара барысында жүгірістен бастауыш сыныпта қыздар арасында Құрманғалиева Ясмина , жоғары сыныпта қыздар арасында Құрманғалиева Зарина және ұлдар арасында Смағұлов Диас мәреге бірінші болып келді. Жоғары сынып оқушылары екі командаға бөлініп волейбол ойнады.
Денсаулық күніне арналған мерекелік шара аяқталған соң қатысқан оқушылар арнайы грамотамен марапатталды.




Мектеп директоры: А.С. Рымбаева