«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2020-2021 оқу жылы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2020-2021 оқу жылы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы мәлімет
25
сентябрь
2020

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2020-2021 оқу жылы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2020-2021 оқу жылы бойынша «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы мәлімет
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде тамыз айында «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Акцияның негізгі мақсаты –мектепке балаларды жинау, олардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі- барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту. «Жаппай оқуға қамту» айлығы аясында 0-18 жастағы балалар анықталып, тізімге алынды. Соның ішінде атап айтсақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 8 балаға 25000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Мектеп ұжымы осы акцияға белсене атсалысты. Мектеп ұстаздары Исаджанова Ж.А., Исаджанова З.А., Жабелдосов Д.К., Айтканов С.Б., Серикбаева А.А. оқу құралдарын үлестірді.Мектептің кіші қызметкері Жумадилова Б.Т. 1 сынып оқушыларына маска тігіп таратты..





Мектеп директоры: А.С.Рымбаева