31
август
2018
Мектепке жол
«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2018-2019 оқу жылы бойынша «Бақытты балалық мекені» ұранымен өткізілген «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы мәлімет
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде тамыз айында дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Акцияның негізгі мақсаты –мектепке балаларды жинау, олардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі- барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту. «Жаппай оқуға қамту» айлығы аясында 0-18 жастағы балалар анықталып, тізімге алынды. Соның ішінде атап айтсақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 10 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді. Мектеп ұжымы осы акцияға белсене атсалысты. Мектеп ұстаздары А.С.Рымбаева, М.С.Увалиева, З.А.Исаджанова, Д.Ж.Кожагулова, М.О.Буланова, Ж.А.Исаджанова, Г.С.Сарсембаева, ата-аналар қоғамының мүшесі А.Т.Камзаева көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға оқу құралдарын тапсырды. Акция қыркүйек айында жалғасын табады.
Мектеп директоры: А.С.Рымбаева