«Қарабұйрат орта мекте-бақшасы" КММ 2020-2021 оқу жылы« Арулар аз болдыма атқа қонған?!…» қыздар жиналысы » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қарабұйрат орта мекте-бақшасы" КММ 2020-2021 оқу жылы« Арулар аз болдыма атқа қонған?!…» қыздар жиналысы
14
февраль
2021

«Қарабұйрат орта мекте-бақшасы" КММ 2020-2021 оқу жылы« Арулар аз болдыма атқа қонған?!…» қыздар жиналысы

«Қарабұйрат орта мектеп –бақшасы» КММ –сі 2020-2021 оқу жылы бойынша қыздар жиналысының өткізілуі туралы мәлімет
Бесінші ақпан күні « Арулар аз болдыма атқа қонған?!…» тақырыбында ДТІЖО Мустафаева Т.С. №6 қыздар жиналысы бойынша қыздар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстырып өтті. Жиналыс барысында Солтан Сабира «Тазалық –денсаулық кепілі» (жеке бас гигиенасы туралы мұғалім кеңесі) тақырыбында қыз балаларға кеңес берілді.Жеке гигиенаны сақтау, шаш, тырнақ тазалығын сақтау керектігі жайлы әңгіме жүргізілді. Қыз балалардың мұғаліммен этикалық қарым-қатынас жағдайы туралы да әсерлі әңгіме жүргізіліп, бейне ролик көрсетілді.Көрсетілген бейнеролик бойынша талқылау жүргізіліп, негізгі ой анықталды.
Психолог Амангелдинова Б.Е. «Сенімді дос, сырлас сыныптас» тақырыбында қыздардан сауалнама алды. 9 сынып жетекшісі Кожагулова Д.Ж. «Қазіргі интернет, агенттің әсерінен сақтау жолдары» тақырыбында дәріс оқып, одан қалай сақтану керектігі туралы таныстырылыммен таныстырып өтті. Жиналыс соңында ДТІЖО Мустафаева Т.С. 9-10 сынып қыздарына жеке «Ерте жүктіліктің алдын алу » тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізіп қорытындылады.
Мектеп директоры: А.С. Рымбаева