2021-2022 оқу жылы сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларын тексеріп бекіту туралы мәлімет » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылы сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларын тексеріп бекіту туралы мәлімет
02
декабрь
2021

2021-2022 оқу жылы сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларын тексеріп бекіту туралы мәлімет

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ
2021-2022 оқу жылы сынып жетекшілердің тәрбие жоспарларын тексеріп бекіту туралы мәлімет
2021-2022 оқу жылы бойынша сыныптардың жинақталуы бойынша 7 комплект сыныптарына 7 сынып жетекшісі тағайындалды.Даярлық топқа Серікбаева А.А., 1-сыныпқа Мустафаева Т.С.,2-4 сыныпқа Исаджанова З.А., 5-6 сыныпқа Увалиева М.С., 7-8 сыныпқа Оспанова Д.Е., 9-10 сыныпқа Кожагулова Д.Ж.,11 сыныпқа Сарсембаева А.Г. тағайындалды.2021-2022 оқу жылына байланысты тәрбие жоспарлары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері негізінде жоспар жасалынды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйырғымен бекітілген, 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралары кіріктірілді.
Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асты.
1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.
2. Рухани-танымдық тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасылық тәрбие
5. Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
9. Мінез-құлық мәдениетіне,оның ішінде интернет кеңістігіндегі мінез-құлық мәдениетіне,киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбиелеу


Орындаған ДТІЖО : Мустафаева Т.С.