2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама
14
ноябрь
2022

2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сі 2021-2022 оқу жылы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама
Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу»
Мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау; айналасындағы адамдармен қарым – қатынас дағдыларын игеруге , өзінің іс -әрекетін ой елегінен өткізуге бағытталған тәрбиелік шараларды ұйымдастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Негізі: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа ала отырып ,жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі болатын, тәрбие жұмысының басым 9 бағытын қамтыды.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салт
9. Кибер –гигиена тәрбиесі
Жаңа оқу жылы қарсаңында «Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сінде тамыз айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Акцияның негізгі мақсаты –мектепке балаларды жинау, олардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі- барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту. Соның ішінде атап айтсақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 8 балаға 25000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Мектеп ұжымы осы акцияға белсене атсалысты. Мектеп ұстаздары Рымбаева А.С., Исаджанова Ж.А., Исаджанова З.А., Жабелдосов Д.К., Мустафаева Т.С., Шынтемиров О.А.,Оспанова Д.Е., Орысбаева Д.С., Буланова М.О., Мырзағалиев Ерасыл, Құрманғалиев Мурат, Увалиева М.С. құралдарын үлестірді.
«Жаппай оқуға қамту» айлығы аясында 0-18 жастағы балалар анықталып, тізімге алынды. 2022 жылдың 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жалпыға міндетті оқу айлығы өткізілді. 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлық тобына 100 % қамтылды. 2-5 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 % қамтылды
«Жаппай оқуға қамту» айлығы аясында 0-18 жастағы балалар анықталып, тізімге алынды.
-0-18 жас аралығында - бала
-Бала бақшада -9 тәрбиеленуші
-Тегін ыстық тамақпен қамтылған -11 оқушы
-Көп балалы отбасы саны-4
-Көп балалы бала саны 0-18 жас бойынша -10 бала
-1-11 сынып бойынша көп балалы бала саны – 7 бала
-1-11 сынып бойынша аз қамтылған көп балалы бала саны-6
-Жағдайы жақсы көп балалы бала саны-1
-1-11 сынып бойынша көп балалы емес аз қамтылған балалар саны-4
-2020-2021 оқу жылында 14 бала тегін мектеп формасымен қамтылды
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты :
Тамыздың 26-күніне 30-тамыз Конституция күніне арналған онлайн іс- шара жоспары құрылып бекітілді. Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай 1-11 сынып оқушылары арасында онлайн форматта тәрбие сағаттары өтті.Масаты: Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, құқықтық сауаттылыққа және ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Тамыздың 27 –күні 1-4 сыныптар арасында «Ата заң тәуелсіздік- тірегі» тақырыбында сурет байқауы өтті. 5-8 сынып арасында «Заңды білу-заман талабы» тақырыбында челлендж ұймдастырылды. 9-11 сыныптарда «Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік негізгі заңы» тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылды.
Биыл 2021-2022 оқу жылында мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына ғана өтті. 1 сыныптың 3 оқушысына "Әліппе" оқулығы табысталады. 2-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылады. Оқу кабинеттері жаңа оқу жылына дайын,кабинеттер сынып сағаттарына безендірілу жасалды. Өткізілген сынып сағаттары мектептің әулеметтік парақшаларына жүктелді.
«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде 15-22 қыркүйек арасында «Мемлекеттік тілім ,менің тілім» тақырыбында апталық өтті. Мақсаты: оқушыларға тілдің үш тұғырлығы туралы түсіндіру, оларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, орыс, ағылшын т.б. тілдерге қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру. Гуманитарлық пәндер бірлестігі бірлестік жетекшісі Д.Ж.Кожагулованың басшылығымен онкүндік ұйымдастырып өткізді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Ж.Кожагулова 9 сыныптар арасында «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты интеллектуалды сайысын өткізді. 1-сынып жетекшісі Мустафаева Т.С..«Ананың тілі , жүректің үні» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды. 2-4 сыныпта Исаджанова З.А. «Тіл – ұлттың жаны», 5-6 сынып жетекшісі Увалиева М.С. «Ана тілім-арым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 7 сынып жетекшісі Оспанова Д.Е. «Тапқыр болсаң тауып көр» тіл жанашырларына дебат ұйымдастырылып жоғары деңгейде өтті. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Сарсембаева А.Г. «Мен көп тілді білемін» атты марафон өткізді. Апталық соңында іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
24 қараша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Жас Қыран» , «Жас Ұлан» БЖҰ қатарына оқушыларды салтанатты қабылдау рәсімі өтті. 25 қарашада 2-4 сыныптарда «Менің Жерім-менің Қазақстаным» тақырыбында кітапханашы Исаджанова З.А. кітапханалық сабақ өткізді. «1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті Күні кітаптар» тақырыбында кітап көрмесі өтті. 26 қарашада 2-4 сыныптарда «Елбасы-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі», 1 сыныпта «Тәуелсіз ұлт Көшбасшысы» атты патриоттық сағат өткізілді. 1-4 сыныптар «Біздің еліміздің балалары Тұңғыш Президентті білуі керек» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Көркем еңбек пәндерінің мұғалімі Шынтемиров О.А. ұйымдастыруымен сурет байқауы өткізіліп , оқушылардың жұмыстары марапатталды. 1-11 сыныптарда тұңғыш президентке арналған «Балалық шағымның аспаны» тақырыбында көркем фильмдер көрсетілді. 5-11 сыныптарда «Елбасы-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі, Тәуелсіз ұлт Көшбасшысы» тақырыбында патриоттық сағаттар өткізіліп Елбасының тарихи еңбегі, жетістіктері насихатталды.27 қарашада 5-6 сыныпта «Елді құрған көшбасшы, Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті.Оқушылардың патриоттық сезімін ояту , ұлттық намысын қалыптастыру мақсатында Увалиева М.С. оқушылар арасында сайыс өткізді. 28 қарашада 11 сыныпта «Біздің Президент ел тірегі» тақырыбында портрет кеші өтті.Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі, «Бәсекеге қабілетті ұлт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
10 қазанда «Жаман қылықтардан аулақ бол!». «Қызғалдақ» қыздар клубының жетекшісі Сарсенбаева А.Г. және Кожагулова Д.Ж.. және мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. 12 қазанда «Өз денсаулығым өз қолымда» тақырыбында тәлімгер Амангелдинова Б.Е. «Азамат» ұлдар клубының мүшелерімен сұхбат алаңын өткізді. «Болашақ ананың бейнесі» «Ұшқыр ой» дебат клубының мүшелерінің жетекшісі Оспанова Д.Е. жоғары деңгейде дебат өткізді.Үржар АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Омаров С.Н.5-10 сынып ұлдар арасында онлайн кездесу өтті.Кездесу барысында түнгі көше жүрісі, мектеп формасы , мектептің ішкі тәртібі туралы мәлімет беріп өтті. Оқушылар ойында жүрген сұрақтарын қойып, полиция капитанынан жауап алды.Оқушылардың «Бала құқығы» жөнінде білімдері кеңейді .«Ерте жүктіліктің ертеңі қауіпті?» тақырыбында мектептің медбикесі Дүйсенбаева Г.К. ерте жүктіліктің ертеңі қауіпті екендігі туралы танымдық сағат жүргізілді.Танымдық сағатқа 11 сыныптан екі оқушы, 9 сыныптан бір қатысты. Танымдық сағат барысында ерте жүктіліктің ертеңі денсаулыққа өте зиян екендігі айтылып бейне ролик көрсетілді. Көрсетілген бейнероликтан соң талдау жұмысы жүргізілді . 15 қазанда "Ұлым, сен есейдің..." Балаларға жыныстық қатынас туралы не айту керек? тақырыбында әкелер мектебінің төрайымы және мүшелері қатысып 9-10 сынып ұлдарына жыныстық тәрбие туралы әңгіме жүргізді. 16-қазанда аналар клубының төрайымы Калиева Г.Д. «Қыз қылығымен...» 7-9 сынып қыз балаларына ақыл-кеңес (теориялық сабақ) өтті. 20 қазанда «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында 1-5 сыныптар арасында суреттер конкурсы жарияланды.20 қазан мен 20 қараша аралығында «Тәуелсіз елдің ұрпағы», «Бала құқығы- адам құқығы» тақырыбында 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.7 сыныпта тарих пәнінің мұғалімі Оспанова Д.Е. «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында сынып сағаты өтті.Әр бала өз құқығын біліп , өзгенің құқығын бұзбауға үйренді.заң туралы тісініктері қалыптасты. «Түнгі қаладағы балалар» түнгі рейд кестесі құрылып бекітілген. Жоспар негізінде ер мұғалімдер аптасына екі рет кезекшілік атқарып құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сағат кешкі 19:00-23:00 ге дейін рейд жүргізеді. «Балалар не туралы армандайды?» видеороликтер конкурсы аясында тәлімгер Амангелдинова Б.Е. 5-7 сынып арасында байқау жариялап жеңімпаздарды анықтады. Нәтижесінде Бердіқан Ұлжан мен Бақытбекова Аяланың бейнеролигі сапалы«Балалар не туралы армандайды?» тақырыбына сай, мазмұнды шығып жүлделі бірінші және екінші орынмен марапатталды.
2.Рухани-адамгершілік Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан – жақты болып өсуі тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бос уақытты тиімді пайдалану ұйымшылдыққа, мейірімділікке, сыйластыққа, қамқорлыққа үйретеді.
Бос кездерде балаларға шахматтан, доптан, спорт түрлерінен жарыстар өткізілді.
Мектептен тыс кездерде де, жазда алаңқайға волейбол, баскетбол немесе басқа да бірігіп ойналатын ойын түрлері ұйымдастырылады
Балаға жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескеріледі.
Суда балалармен бірге серуендеу кезінде , әсіресе, суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді, ата-аналар чатына бейнежазбалар таратылды.
Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері туралы да түсіндірме жұмыстар жүргізілді.
-Мектеп жанындағы ойын алаңына 1 тәрбиеші Исаджанова З.А. бекітілді. Екі апта барысында психолог және тәлімгер Амангелдинова Б.Е. және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жабелдосов Д.К. жоспар бойынша жұмыс жасайды.Биыл мектеп жанындағы лагерь бойынша 10 бала қамтылды.
-«Үржарайым » лагеріне биыл 7 бала барады. Квота бойынша 5 бала тегін лагерьге қамтылды.Екі бала ақылы лагерьге қамтылды.Келімшартта «Үржарайым » лагері туралы айтылған,барлық 7 ата-ана танысып, қол қойып шықтыңыздар.Кесте бойынша 13-19 шілде аралығында барады.
-Биыл Қарабұйрат ауылына балаларға арналған жаздық спорт алаңы салынып жатыр.Бұл ауыл балаларына бос уақытын тиімді өткізудің бір нысаны.
2021-2022 оқу жылы бойынша
Қазақстан мен КСРО халық әртісі Роза Бағланованың
100 жылдығына арналған «Тамаша адамдардың өмірі»
атты шығармашылық еске алу кешіне арналған іс –шара жоспары орындалды.
7-ші ақпанда Қазақстан мен КСРО халық әртісі Роза бағланованың 100 жылдығына арналған атты шығармашылық жолын білу,шығармашылығын еске алу мақсатында 5-6 сынып «Ах, Самара городок» деректі фильмін тамашалады. 10 ақпанда « Оқ астындағы әндер» тақырыбында 5-6 сыныпта жетекші М.С. Увалиева танымдық сағат өткізді.7-8 сыныпта 13 ақпанда Оспанова Д.Е. « Роза Бағланова –қазақ сахнасының аңызы» тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. «Шығармашылық жол» тақырыбында 9-10 сыныпта Кожагулова Д.Ж. ұйымдастыруымен «Бір микрофон» әдісімен танымдық сағат өтті14 ақпанда «Ән айтқысы келген қыз» 11-сыныпта Сарсембаева А.Г тәрбие сағатын өткізді. 9-10 сынып оқушылары 15 ақпанда «Юность мира» тақырыбында деректі фильмін тамашалады

2021-2022 оқу жылының Мұқағали Мақатаевтің 91 жылдығына арналған апталық орындалды.
1-сынып оқушысы Нұрланова Бәрзәнә « Жүзден жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында Мұқағали Мақатаевтің Республикалық мәнерлеп оқу байқауына қатысып «Үш бақытым » өлеңі мәнерлеп оқып І дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ақиық ақын- Мұқағали» тақырыбында 5-6 сыныпта әдеби кеш өтті. Мақсаты оқушыларға ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің шығармашылығымен таныстыру. 7-8 сыныпта Мұқағали Мақатаевтің «Мұқым елдің мұзбалағы» тақырыбында оқушыларды ақын шығармашылығымен таныстыру. Отанға , өлеңге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында поэзиялық сағат өтті.

2021-2022 оқу жылы бойынша Мұқтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойдың дайындалу және өткізу жөніндегі жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды.
2021-2022 оқу жылы бойынша 4-ші сәуірде Мұқтар Әуезовтың шығармашылығымен , өмір жолымен, еңбегімен таныстыру мақсатында «Қазақ жерінің дана баласы» тақырыбында кітапханалық сабақ өтті. 7-8 сыныпта Әуезовтың туындыларымен таныстыру, өмір жолында өзінің шығармашылығымен әлемге танымал болған тұлғаны білу мақсатында «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Оспанова Д.Е. танымдық тарихи сабақ өткізді. 07.04.2022 ж 5-10 сыныпта арасында орыс тілі пәнінің мұғалімі Сарсембаева А.Г. «Мудрый сын земли казахской» тақырыбында литературный час өткізді. 06.04.2022 5-6 сыныпта «Мұқтар Әуезов –қазақ әдебиетінің тарланы» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.

3.Ұлттық тәрбие бағыты Наурыз мейрамын тойлауға байланысты іс-шараларды 10 күн бойы өткізу жоспарланған. Ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайту, рухани жаңғыру құндылықтарын кеңінен айту мақсатында 14-наурыз күні 1-сыныпта «Көрісу күні» бұл күні адамдар бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтады , 2-4 –сыныпта «Жайлау күні» амалы өтті.Исаджанова З.А. көше тазарту, ағаш егу ең маңызды амалдардың бірі екенін жеткізді. 5-6 сыныпта «Шежіре күні» тақырыбында отбасының , ел-жұрттың , жеті атаның тарихы айтылып, шежіресі таратылды. 15-наурызда «Тарихқа тағзым күні» тақырыбында 7-8 сыныпта танымдық сағат өтті.Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қайырымдылық жасай отырып «Игі істер күні» тақырыбында 5-6 сынып ұлдары қарт адамдардың үйіне барып қарын күресті .15 наурыз «Шымырлық күні» күніне байланысты 9-10 сынып ұлдары өзара спорттық сайыс ұйымдастырып бейне баян жолдады. Наурызды тойлау декадасы ұлттық спортқа арналады. Сынып жетекшісі Қожагулова Д.Ж. денсаулығын нығайту мақсатында ұйымдастырды. 19-наурыз күні осы күні балалардың зияткерлік әлеуетін , ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жырлар мен эпостардан үзінділер айтылды. Бұл күнге орыс тілі пәнінің мұғалімі Сарсембаева А.Г.жауапты болып 7-8 сыныпта зияткерлік сабақ өткізіп, қазақ мәдениеті дәріптелді.20-наурыз «Жоралғы күні» , бұл күні әдет-ғұрып , салт –дәстүрлер айшықталды. 7-8 сынып жетекшісі Оспанова Д.Е. оқушыларға салт-дәстүрлердің , ырым-жырымдардың адам мен қоғам өміріндегі маңызын түсіндірді. 21-наурыз «Ұлттық тағам күні » тақырыбында 1-сынып оқушылары ас мәзіріндегі көптеген тағам түрлері әзірленді. Ұмыт бола бастаған , кең таралмаған тағамдардың жасалу жолымен таныстырылды.. Бұл іс-шараны Мустафаева Т.С. ұйымдастырып бейнебаян жолдады. 1-7 сынып қыздар арасында "Наурыз аруы -2022" байқауы ұйымдастырылып, сайыста еркеше өнер көрсетіп, белсенділік танытып, көзге түскен арулар жүлделі орыедармен марапатталды. 1-сынып оқушысы Нұрланова Бәрзәнә ІІ орын, Оралбекқызы Томирис І-орын, Бердіқан Ұлжан, Тлеубергенова
«Бірлік бақыттың бастауы» 1-10 сынып аралығында бірлік сағаттары өткізілді. 23.04.2022 1-4 сынып аралығында «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында кітап көрмесін Шынтемиров О.А.мектеп кітапханашысы Исаджанова З.А. ұйымдастырды. 1-4 сынып аралығында «Басты байлық-бірлік» сурет байқауы өткізілді. 7-8 сыныпта Оспанова Д.Е. «Қазақстан –достық шаңырағы» тақырыбында интелектуалдық сайыс өткізді. «Болашақ біртұтас ұлт» тақырыбында кітапханашы Исаджанова З.А. көрме ұйымдастырды. 25.04.2022 күні қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында 5-9 сыныптарда эссе байқауын ұйымдастырды.7-9 сынып «Елдіктің асыл мұраты –достықтың нұрлы шырағы» тақырыбында тоғызқұмалақтан спорттық жарыс өтті.Өткізген дене тәрбиесінің мұғалімі Жабелдосов Д.К. «Бірлік – біздің қасиетті туымыз» тақырыбында фестиваль өтті. Өткізген Мустафаева Т.С.
Амангелдинова Б.Е «Достық –біздің тірегіміз» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. «Ынтымағы жарасқан көп ұлтты Қазақстан» тақырыбында сұрақ-жауап кеші ұйымдастырылды. «Баянды бірлік – мәңгілік!» тақырыбында 5-10 сынып аралығында спорттық сайыс өткізілді.Өткізген дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жабелдосов Д.К.

4.Отбасы тәрбиесі
2021-2022 оқу жылы Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар орындалды.
Қамқоршылық – білім беру жүйесін, ізгілік қызметтерін қолдауымен байланысқан әлеуметтік белсенділік саласы ,қамқоршылық жұмысын атқаратын қоғамдық және заңды тұлға ретінде өз жұмысын тамыздың басынан бастап жүйелі жұмыс жүргізді. Отбасылық жайсыздықтың алдын алу мақсатында жұмысқа білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері тартылды.
Отбасылық жайсыздықтың алдын алу мақсатында қамқоршылық кеңес мүшелері және сынып жетекшілер , тәрбие ісінінің меңгерушісі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының үйін аралап,
жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен көмек қажет етіп отырған отбасыларды анықтап, 16 оқушының тізімі жасалды. «Жалпыға міндетті білім қорынан» бөлінген қаржыға тегін ыстық тамақ ішетін 12 оқушы анықталып, оқушылардың тізімі де бекітілді. Отбасы жағдайы төмен оқушыларға материалдық қолдау көрсету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып көп балалы аз қамтылған,көп балалы емес аз қамтылған, үйде оқитын оқушыға, инклюзив оқушыға демеушілік көмектер көрсетілді. 7 оқушыға 25 мың көлемінде оқу құралы ретінде көмек көрсетіліп, 1 оқушыға 40 мың көлемінде азықтай көмек көрсетілді. Жиыны 65 мың көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында қазан айында 9-10 сынып оқушылары арасында Үржар АПБ полиция капитаны Омаров Серік Николайевич ата-аналармен "Жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа апаратын себептері"тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.
Қараша айында отбасын әлеуметтік-психологиялық қолдау бойынша қамқоршылық кеңес мүшелері ата-аналармен және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалармен жүйелі жеке жұмыс жүргізілді. «Аналар мектебі», «Ғибрат» әкелер мектебі, «Қызғалдақ» қыздар мектебі, «Азамат» ұлдар мектебі және «Тұмар» әжелер мектебі клубы құрылып, жоспар бойынша өткізілетін іс –шараларға қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысып өз пікірлерін білдірді, талдау жасады. Ведомствоаралық кешенді жоспарының негізінде жасалған мектепшілік жоспарларға да қатысып отырады. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын барысында мектеп ұстаздарымен белгіленген жоспар бойынша кешкі рейдтер ұйымдастырылды.
Оқушылардың отбасылық жағдайын талдау және мониторинг қорытындысы бойынша квотаға сәйкес қамқоршылық кеңесі төрайымы және мүшелері аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасына жан басына шаққандағы табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасынан шыққан 5-сынып оқушысы бердіқан Ұлжанды ұсыну туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ әулеметтік жағдайы нашар оқушыларды анықтап жаңа жылдық сыйлықпен 3 оқушыны қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады.
Жайсыз отбасыларға жан-жақты көмек көрсету үшін отбасының әлеуметтік картасы негізінде әл-ауқат мониторингісі жүргізілді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылар бірінші кезекте кітаппен қамтамасыз етілді.
Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған , ерлермен ерлік жасаған , аналар алдында барша азамат мәңгі қарыздар екенін ұғындыру мақсатында 5-7-наурыз күні аралығында 1-11 сынып оқушылары арасында « Ана-өмірдің гүлі» тақырыбында мерекелік кеш өткізді. Әр сыныпта жеке кабинетте Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес аналар мерекесі ерекше форматта өткізілді. 1-сыныпта «Ана –өмірдің шуағы », 2-4 сыныпта «Сыйынар ем Ана деген тәңірге», 5-6 сыныпта «Анаға қарап қыз өсер»тақырыбында сыр сұхбат өткізілді. 7-8 сыныпта «Менің анам ерекше адам » тақырыбында эссе жазылды.
2021-2022 оқу жылындағы отбасы күні мерекесін өткізуге арналған жоспардың орындалуы туралы мәлімет

Балалар жылыны орай о отбасы күніне байланысты оқушылардың білімдерін шыңдай түсу, жанұя туралы білімдерін нығайту, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында 1-2 сыныпта «Менің отбасым» тақырыбында отбасылық сағат өтті.Отбасылық сағатта оқушылар өз отбасылары туры ойларын ашық жеткізіп, отбасы адам баласының түп қазығы, алтын ұясы екенін «Ашық микрофон» әдісі арқылы жеткізді. «Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкен қызмет етіп, ананың ақ сүтін өтеу, әкені сыйлау мақсатында «Отабсы аялы мекен» тақырыбында 1-4 сыныпта сурет көрмесі ұйымдастырылды.4-сынып оқушылары ішінен Оралбекқызы Томиристің «Мен бақытты отбасымын » атты эссесі өте қызықты әрі отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылатынын, ата-ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері, әке-қамқоршысы, ана- отбасының жылуы , шуағы екенін ашық бейнелеген. 7-сыныпта «Отбасы –адам тұлғасының бесігі» тақырыбында өнегелік сағат ұйымдастырылды. Оқушылар өз отбасыларының бақытты сәттерінен фотоколлаж жасады.

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты
«Парктер шеруі-2022» тақырыбында халықаралық табиғатты қорғау акциясына 9-сынып оқушысы Қажымұқан Мадияр «Экокәдесый » тақырыбында байқауына қатысты. Табиғи қалдықтан жасалған қолөнерін аудан көлеміндегі байқауға ұсынды. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында мектепшілік экологиялық бағытта апталық өтті.1- сынып оқушылары экочеллендж жолдады. 2-4 сынып оқушылары «Менің ауылымның табиғаты» тақырыбында эссе жазды.
6.Көпмәдениетті және көркем -эстетикалық тәрбие бағыты
29- желтоқсанда 1-11 сынып арасында "Жарқыра, жайна жаңа жыл-Тәуелсіз қазақ елінде » тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттары эпид жағдайға байланысты әр кабинетте жеке-жеке өтті.
Сынып сағаты бірыңғай сағат 10:00 –де басталды. Сынып жетекшілер алдын ала күні бұрын сынып кабинеттерін оқушылармен бірге жаңа жыл мерекесіне сай ақ қағаздан ою-өрнектер қиып, әр түрлі қардың пішіндерін түрлі-түсті қағаздан қиып , терезелерді өрнектеді.Сынып төбелеріне қардың пішіндерін іліп, түрлі түсті қағаздан жаңа жылдық ойыншықтар жасады. Сынып сағаты барысында әр сынып алдын ала дайындаған (Ән, би, өлең,жаңа жылдық құттықтаулар) концерртік номерлерін көрсетіп, қашықтықтан бейне құттықтаулар жолдады.1-11-сынып кабинеттері жаңа жыл мерекесіне сай безендірілді. Оқушылар сынып сағаты барысында бір-бірінен арақашықты сақтады, маска киді, санитарлық талаптарды қатаң сақтады.
«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Балалар жылына арналған мектеп бітіру кеші өтті.
Мектеп бітіру іс-шараларының мақсаты – мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, мектепшілік достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.


Мектеп бітіру іс-шараларына қатысушыларына Мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері қатысты.Биыл мектебімізде 11 сыныптан екі түлек аяқтады. Олар Құрманғалиева Зарина, Беделқан Нұрай.9-сыныпта 6 түлек мектеп қабырғасынан түлеп шықты.
Мектеп бітіру іс-шаралары:
- мектеп бітіру іс-шарасы мектеп мектеп ауласында өткізілді. Әлеуметтік осал отбасылар мен балаларға көмек көрсету бойынша түлектердің «Мектепке сый» акциясы бойынша жеміс ағаштары отырғызылды. «Кітап сыйла мектепке» акциясы бойынша мектепке кітаптар сыйлады. «Алғашқы ұстазыма алғыс!» акциясы бойынша алғашқы ұстазы Сарсембаева Айнұр Габдулважитқызына алғыс білдірді.
- мектеп бітіру іс-шараларына дайындық барысында әрбір түлекке жеке көзқарас қағидаларын сақтау керектігі айтылды.
- мектептің қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмысы алдын ала жүргізілді.




7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша «Күзгі демалыс-бақытты бала жүзін көру!» ұсынымдары оқушылардың күзгі демалысы кезінде пайдалы және белсенді іс-әрекет жүйесін жетілдіруге және дамытуға бағытталған.
Балалардың заңды мүддесімен құқықтарын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі.
Демалыс кезіндегі балалардың бос уақытының қамтылуын ұйымдастыру- мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Бұл уақыт балалардың шығармашылық, рухани-адамгершілік, интеллектуалды дамуына мүмкіндік береді.
Демалыс кезеңі-балаға әлеуметтік қолдау көрсету және ерекше назар аудару уақыты болып табылады.
Ұсыным мақсаты:күзгі демалыс кезіндегі балалардың шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерін, дене бітімін жетілдірудің құндылығын дамытуға бірыңғай іс-шаралар өткізуге бағыттау.

Міндеттері:
1.күзгі демалыс кезіндегі баланың бос уақытың тиімді пайдалануға және демалыс жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған жағдайлар жасау.
2.күзгі демалыс кезінде балалардың денсаулығы мен сауықтыруына, демалысына әдістемелік қолдау көрсету.
3.1-11 сынып оқушыларының дәстүрлі және қашықтық форматта өтетін
іс-шараларға толық қатысуын қамтамасыз ету.

Күзгі демалыс кезіндегі тәрбиелік іс-шаралардың негізгі бағыттары

Күзгі демалыстағы тәрбиелік шаралардың негізгі бағыты- жалпы республикалық 2021 жылғы 20 қазан мен 20 қараша аралығында Дүниежүзілік бала күніне арналған «Бала құқығы-адам құқығы» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылады.
Іс–шаралар Дүниежүзілік бала күні аясында құқықтық ақпараттандыруға, шығармашылық, интеллектуалдық дамуын жүзеге асуына, кәсіби бағдар, ұлттық құндылықтар, өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасылар мен балаларды қолдауға бағыттау ұсынылады.




«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ –де 30-желтоқсан мен 9 қаңтар аралығында қысқы демалыс кезінде балалардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағдарламаларды іске асыру, қашықтықтан, оның ішінде қысқы каникул кезінде білім алушылардың қамтылуын, іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі іс-шаралар жүктелді. Қысқы демалыс барысында оқушылар қысқы қауіпсіздік шараларын ескере отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, қызығушылықпен орындады.

30 желтоқсанда "Қауіпсіз демалыс" бейнероликтері іске қосылып, 1-11 сынып оқушылары қысқы қауіпсіздік ережелерін тамашалап, қашықтықтан қысқы демалысқа байланысты өз пікірлерін білдірді. 31 қаңтарда технология пәнінің мұғалімі Шынтемиров О.А. 5-6 сынып оқушыларына жаңа жылдық онлайн – шеберханасын көрсетті.Оқушылардың қиялын ұштау, қызығушылығын арттыру мақсатында «Өз қолыңызбен жасалған сыйлық – ең керемет сыйлық!» тақырыбында өз қолдарымен түрлі-түсті қағаздан сыйлықтар жасатты. Жасаған сыйлықтарын қашықтықтан жолдады.
1-4-сынып арасында "Қысқы қиял" шығармашылық жұмыстарының онлайн – көрме -байқауы ұйымдастырылды.
Оқушылардың жұмыстары мектептің ресми парақшаларына , мектеп сайттарына орналастырылды,әлеуметтік желілерде жарияланды. 1-қаңтарда «Жаңа жылмен құттықтаймыз, отбасылық тілек сыйлаймыз!»тақырыбында 7-сынып оқушылары құттықтау бейнеролигін жолдады. 1-сынып оқушылары 2-қаңтарда «Жаңа жыл – отбасылық мереке» фотоколлаж дайындап, мектептің әллеметтік желілеріне жүктеді.4-сынып оқушысы Оралбекқызы Томирис -"Біздің жаңа жылдық отбасылық дәстүрлеріміз" тақырыбында бейнепроект дайындап , көптің көңілінен шықты.Мектептің кітапханашысы Исаджанова З.А. «Кітаптар жіне түйінді ой» тақырыбында 2-4 сынып оқушыларымен онлайн кездесу ұйымдастырды. Оқушыларға кітаптың маңыздылығын жеткізіп, онлайн кездесуін түйінді оймен қорытындылады. Қысқы каникул кезінде балалардың жұмыспен қамтылуын, демалысын және сауықтырылуын әдістемелік қолдау мақсатында дене шынықтыру мұғалімі Жабелдосов Д.К. 5-6 сынып оқушыларына . -«Жаңа жылдық серпантин» онлайн би марафоны ұйымдастырып, жақсы қатысқан оқушылардың жұмыстарын бағалап, онлайн мақтау қағаздарын жолдады.
Қожагулова Д.Ж. «Жаңа жыл жұлдыздары!» (ән, би, шешендік өнер) сияқты тапсырмаларды бастауыш сынып оқушыларына жүктеп , ең сапалы жұмыстарын іріктеп, мектептің әлеуметтік парақшасына жүктеді. Сонымен қатар жақсы белсенді қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттады. Атап айтсақ, 2-сынып оқушысы Солтан Құралай, 1-сынып оқушысы Нұрланова Бәрзәнә . Қысқы демалыстағы оқушылардың жұмыстары бағаланып, мектептің парақшаларына, мектептің ресми сайттарына жүктелді.

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша Мемлекет басшысы қол қойған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 110-бабына сәйкес, 21 жасқа толмаған тұлғаларға ішінде сұйықтығы бар шегуге арналған электронды құрылғыны өнім сапасын растайтын тиісті құжаттарсыз, акцизді маркасыз сатуға тыйым салынған. Сонымен қатар, оларды білім ошақтарының маныңда ашық сөрелерде сатуға рұқсат етілмейді, яғни олар кез келген сауда нүктелерінде жабық перделердің артында, сөрелердің астында болуы керек.
Дүкен сөресінде толып тұрған түрлі-түсті мұқабалы, сан түрлі дәмі бар бір реттік вейптер құны 2 мың теңгеден басталатын арзан «у» кәмелетке толмаған жеткіншіктерге емін-еркін сатылуда.
Дүкендерде, сондай-ақ әлеуметтік желіде никотинді тауарды тәулік бойы үйге тегін жеткізіп беретін пабликтерде, анонимді телеграм каналдарда жүздеген жарнама бар. Бұл жерде тапсырыс берушінің жасы талап етілмейді. Осының салдарынан оқу жылының басынан оқушылар арасында түтіні будақтаған зиянды шылымға сұраныс еселеп артқан. Тіпті кейбір мектептерде жоғарғы сынып оқушылары бастауыш сыныптарға бір реттік темекінің құнына ақша қосып сатып, әуестендіріп жүр.
Еліміздің ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының соңғы 2019 жылғы зерттеулерінің мәліметіне сәйкес 11 жастан 15 жасқа дейінгі электронды темекі туралы жасөспірімдер арасында профилактикалық әңгіме, тренингтер өткізілді. са 3 есеге, ал қыздар арасында 2 есеге өскен. Көш басында 3,9 пайыз көрсеткішпен алматылық жасөспірімдер тұр. Аталған зерттеу соңғы екі жыл жүргізілмегендіктен, қазіргі жағдай мүлде белгісіз.
Әлемнің 35 елі тыйым салған, 65 мемлекет арнайы шара қабылдаған электронды және бір реттік темекілер бізге Қытайдан ешқандай сертификатсыз, шектеусіз мөлшерде ағылып келіп жатыр. Осы құралдың құрамы әлі күнге дейін анықталмаған, нақты зерттеу жоқ, никотин дозасын да ешкім бақыламайды.
Мамандардың айтуынша, бұл өнімдердің құрамындағы химиялық заттар, ауыр металдар мен никотин жасөспірімдердің ағзасын біртіндеп улап, өкпені қабындырып, кейін бауыр, бүйрек пен асқазанды зақымдайды. Сондай-ақ, ағзасы толық жетіліп болмаған балалардың жүйке жүйесіне кері əсерін тигізеді.
Осыған орай, проблеманың маңыздылығын ескере отырып, төменде аталған іс-шараларды білім беру ұйымдарында, қатерлі заттардың қатарын азайту мақсатында жүзеге асыруды сұраймыз.
Мектептегі әлеуметтік педагогтердің, психологтардың көмегімен кешенді түрде жасөспірімдер мен ата-аналар арасында жүйелі ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
«Ұрпақ саулығы-ұлт саулығы» атты тәрбие сағаттарын, акцияларды өткізу.
Ағымдағы жылғы 4-8 желтоқсан аралығында «Вейп-денсаулыққа өте қауіпті!» атты апталық өткізу.
Сонымен қатар, атқарылған жұмыстар бойынша ақпаратты ағымдағы жылғы 9 желтоқсанғадейін ұсыну қажет.


Кибер-гигиена, кибер қауіпсіздік, кибермәдениет: Оқу жылы басында ата-аналармен кибер қауіпсіздік туралы жиналыс жүргізілді. Әр ата-анаға баласының жеке смартфонына ата-ана тарапынан бақылау жүргізілу қажет.Баланың телефонына шектеу қойылу туралы ұсыныстар , талаптар айтылды. Сондай-ақ оқушыларға кибергигиена туралы танымдық сағаттар, пікір таластар жүргізілді."Интернеттің пайдасы мен зияны туралы" 2-11 сынып аралығында тәрбие сағаттары өтті,
Тәрбие бағыттары бойынша жіберілген кемшіліктерді айқындай отырып алдыма келесі 2021-2022 оқу жылына мынадай мақсаттар мен міндеттерді орындау .
Тәрбиенің мақсаты: Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбиенің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптасытру;
5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;
7) әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;
9) бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.








«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2022-2023 оқу жылының жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын алу жөніндегі 4 жақты ведомствоаралық іс-қимыл жоспарының әр тармақтарының орындалуы туралы есеп
Жасөспірімдер ортасындағы құқықбұзушылықтың және девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары бойынша 2021 -2022 оқу жылындағы желтоқсан айы бойынша «Азамат» ұлдар клубының жұмыс жоспары бойынша желтоқсан айында ұлдардың намысын , патриоттық сезімін ояту мақсатында «Ер намысы, ел намысы» тақырыбында 5-6 сыныпта пікір сайыс өтті . Сынып жетекшісі Увалиева М.С. өткізді. Дәл қазір адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, қоғамға, адамдарға осы дерттің зардаптарын түсіндіру.Адамгершілік, құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту мақсатында Қожағұлова Д.Ж. «Есірткі және есірткі құмарлық деген не?» тақырыбында дәріс өткізді. Мектеп формасын қадағалау мақсатында «Ұқыпты, сәнді киіне білу» ұлдардың сырты келбетіне назар аударуға ақыл – кеңес беріліп отырады. Әр аптаның басында сынып жетекші , тәрбие ісінің меңгерушісі тарапынан ұлдардың тәртібін, жүріс – тұрысын, мінез – құлықтарының қалыптасуына ықпал етіп отырады. Ұл балалардың жеке бас гигиенасының тазалығы жөнінде, аурудың алдын алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын, оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру туралы танымдық әңгіме жүргізіледі.
тәрбие ісінің меңгерушісі ақыл-кеңестерін айтып отырады.Желтоқсан айында тәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С. 9-10 сынып ұлдарына ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақатында «Аулақ бол жаман әдеттен» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. 4-8 желтоқсан аралығында «Вейп-денсаулыққа өте қауіпті!» тақырыбында 7-10 сыныптар арасында апталық өтті.9-10 Сынып жетешісі Кожагулова Д.Ж. 5-желтоқсанда «Ұрпақ саулығы,ұлт саулығы» тақырыбында ұлдарға және ата –ананың қатысуымен тәрбие сағатын өткізді.


Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.
2021 -2022 оқу жылындағы 9-20 қараша айы бойынша «Қатігездіксіз және зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар қорытындысы .Балаларды қатыгездікпен және немқұрайылықпен қарау проблемасына қоғамның назарына аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне , әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерін қалыптастыру. Балалардың құқықтары туралы, сондай –ақ олардың қажеттіліктері туралытүсінік беру мақсатында 10 қарашада «Біз зорлық –зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында 5-10 сынып арасында тренинг өткізілді. 11 қарашада «Мектеп-қатігездік пен зорлық-зомбылықтан азат аумақ» тақырыбында 9-10 сыныпта конференциялық сағат өтті . 15 қарашада «Зорлық-зомбылық деген не?» тақырыбында 7 сыныпта тарих пәнінің мұғалімі Оспанова Д.Е. пікір сайыс өткізді. 9-19 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» 1-4 сыныптар арасында суреттер көрмесі өтті. «Қатігездіксіз және зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны барысында өткізілгент іс-шаралар мектептің әлеуметтік парақшаларына жүктелді.

\ Жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулықты сақтау шаралары: жыныстық тәрбие, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
2021 жылдың қазан айында ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстарының апталық жоспары өткізілді.
13 -қазанда «Болашақ ананың бейнесі»тақырыбында «Ұшқыр ой» дебат клубының мүшелерімен дебат өтті.Дебатты тарих пәнінің мұғалімі Оспанова Д.Е. өткізді. Гениколог-акушер Дүйсенбаева Г.К. 14 қазанда «Ерте жүктіліктің қаупі» тақырыбында 7-11 сынып қыздар арасында әңгіме сағатын өткізді.7-11 сынып қыздар назарына бейне ролик көрсетілімі ұсынылды. "Ұлым, сен есейдің..." Балаларға жыныстық қатынас туралы не айту керек? тақырыбында «Ұлағат» әкелер кеңесінің жетекшісі Шынтемиров Оралбек және мүшелері қатысып әкелер кеңесін өткізді .16-қазанда аналар клубының төрайымы Калиева Гүлнұр және мүшелерінің қатысуымен . «Қыз қылығымен...» атты қыз балаларға ақыл-кеңес (теориялық сабақ) өтті.Теориялық сабақ барысында қыздарға арналған ақыл-кеңестерімен бөлісті.
2021 -2022 оқу жылындағы «Қызғалдақ» қыздар клубы бойынша іс-шаралар атқарылды.
Желтоқсан айында шашы ұзын қызды анықтау, қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу, салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау, эстетикалық тәрбие беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Жарнама, фото жанрында талғампаздық, қиялын дамыту, іске асыра білу, жұмысын көрсете білу мақсатында «Шаш өру – қазақ қызына тән» кезекті отырыс өтті.Өткізген педагог –психолог Амангелдинова Б.Е. «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» тақырыбында тәрбие ісінің меңгерушісі Мустафаева Т.С. баяндама оқып, ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбында «Ерте жүктіліктің қаупі» туралы бейне фильм көрсетілді. Мектеп психологы қыздарға байланысты жасырын сауалнама алды.Әр аптаның басында тәрбие ісінің меңгерушісі қыздармен «Әсем киіне білеміз бе?» тақырыбында мектеп формасын кию туралы, «Қыз қылығымен көрікті » деген тақырыпта қыз баланың мектептегі жүрісі , шашы, жеке басының тазалығы жөнінде танымдық әңгімелер айтылады.