«Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы»
21
февраль
2020

«Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы»

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2019-2020 оқу жылындағы өзін-өзі тану пәнінен «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндікте өткізілген іс-шаралар туралы мәлімет
«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде 10-20 ақпан аралығында Сара Алпысқызы Назарбаеваның жобасымен мектеп бағдарламасына енгізілген рухани-адамгершілік бағдарламасы негізінде «Өзін –өзі тану: сүйіспеншілік және шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Онкүндіктің негізгі мақсаты - білім алушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелей отырып, ізгілік, мейірімділік, сыйластық, достық, сүйіспеншілік т.с.с. құндылықтарды бойларына сіңіру, жағдаяттар арқылы оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас орнату. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі М.О.Буланова 2-5-сыныптар арасында «Ел анасы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушыларға Өзін-өзі тану рухани адамгершілік бағдарламасының авторы С.А.Назарбаева туралы бейнебаян көрсетіліп, ол кісінің өмірбаянымен таныстырды.Оқушылар өзін-өзі тану пәні туралы өз пікірлерін айтып, Сара апалары туралы өлеңдер мәнерлеп оқыды.Бұл пәннің ерекшелігі туралы айтып, өздерінің бойларындағы жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал еткенін, өзін-өзі тәрбиелеудің адам өмірінде маңызы зор екенін атап айтты. Жас маман педагог–психолог Б.Е.Амангелдинова 2-5 сынып оқушылары арасында «Қарым-қатынас тренингін» өткізді. Сынып жетекшілер «Отбасы-татулығы», «Достық қымбат өмірде», «Халықтың рухани мұрасы-даналық көзі» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді.