Тәуелсіздікке 25 жыл » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
март
2017

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2016-2017 оқу жылы бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған «25 жұлдызды күндер» атты мерекелік іс-шаралардың  өтілуі  туралы мәлімет

 

       «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-де 21 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының   25 жылдығына орай  «25 жұлдызды күндер»  мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.  15 желтоқсан күні  ауыл жұртшылығы мен ата-аналардың қатысуымен  «Біз –Мәңгілік Ел ұрпағымыз»  атты ауқымды мерекелік  шара өтті. Іс-шаралардың  негізгі мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  патриоттық  идеясының құндылықтарын насихаттау, әрбір оқушының бойында еліміздің  25 жыл ішінде жеткен  жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру; ел Тәуелсіздігі  үшін құрбан болған  батырларымыздың ерліктерін  дәріптеу және  жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету.

      Мерекелік кешті  мектеп директоры  Айгүл Смағұлқызы Рымбаева ашып, жиналған қауымды  Тәуелсіздік мерекесімен  құттықтап, еліміздің ширек ғасыр уақыт ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Кеш 1986 жылғы   16 желтоқсандағы  Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Халық қаһарманы  Қайрат Рысқұлбековтың  балалық, жастық шағы мен студенттік өмірлерінен  оқушылар дайындаған қойылымнан басталды. 7-8 сынып оқушылары орындаған  қойылым көрермендердің жүрегіне жетіп, әсіресе Қайрат пен анасының сөздерін тыңдағанда  көздеріне жас үйірілді. Желтоқсан оқиғасының куәгері, мектебіміздің математика пәнінің мұғалімі  Жанар Айдарханқызы Исаджанова  жайлы бейнебаян көрсетілгеннен кейін, ол кісі сөз алып, осыдан  30 жыл бұрын  Алматыдағы Тәуелсіздік  алаңында өзі куә болған  оқиғаны тебірене  еске алды.

     Бүгінгі Тәуелсіздігіміз  сонау  1986 жылғы желтоқсандағы  қазақ жастарының  табандылығы мен өрлік рухынан бастау алғаны  баршаға мәлім. Тоталитаризмнің құрбаны болған  Қайрат, Ербол, Жазира, Сабира сынды қазақтың өрімдей ұл- қыздарының  ерліктері  жас ұрпаққа  үлгі болып, оларды еліміздің патриоты болуға тәрбиелейді. 

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл

 

Тәуелсіздікке 25 жыл