2022-2023 оқу жылының ақпан айы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, зор-лық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын ал » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылының ақпан айы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, зор-лық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын ал
10
апрель
2023

2022-2023 оқу жылының ақпан айы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, зор-лық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын ал

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сі 2022-2023 оқу жылының ақпан айы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, зор-лық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын алу жөніндегі 4 жақты ведомствоаралық іс-қимыл жоспарының әр тармақтарының орындалуы туралы есеп
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтық мүмкіншіліктері туралы ақпан айында іс-шаралар атқарылды. Ақпан айында түнгі кезекшілік кестесі құрылып, әкімшілік тарапынан түнгі рейд ұйымдастырылды.
Мектеп психологі мен директордың тәрбие існің меңгерушісі тоқсанына бір рет оқушылардың үйлері араланып , жағдайлары тексерілді.
Жасөспірімдер ортасындағы құқықбұзушылықтың және девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары бойынша ақпан айында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын анықтау мақсатында 5-7 сынып оқушыларынан «Конвенциямен балалық шақ әлемі» атты сауалнама алынды. Сауалнаманың мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелері туралы, өз құқықтары туралы хабардарлық деңгейіне мониторинг жүргізу.Сауалнамаға 5-7сыныптардың 8 оқушысы қатысты; сауалнама қорытындысы шығарылып, сараптама жасалды.
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпан айында ата-аналармен жиналыс жүргізілді.Мектепте тәрбиесі қиын КЖТІБ инспекциясында есепте тұрған оқушылар жоқ.
Жасөспірімдердің суицидтік(ауто-деструктивті)мінез-құлқының алдын алу және болдырмау шаралары
Ақпан айында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың өзіндік бағалауын көтеруге көмектесу, суицидтің алдын алу. Өткізген педагог-психолог Амангелдинова Б.Е.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Ақпан айында«Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында балаларды қатыгездікпен және немқұрайлылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.Өткізген 5-7 сынып жетекшісі Сарсембаева А.Г.

Жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулықты сақтау шаралары: жыныстық тәрбие, ерте жүктіліктің алдын алу
бойынша медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Ақпан айында «Салауаттылық — салтымыз»» тақырыбында ДТІЖО Мустафаева Т.С.қыздар жиналысы бойынша қыздар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстырып өтті. Жиналыс барысында Сәрсембаева А.Г. «Тазалық –денсаулық кепілі» (жеке бас гигиенасы туралы мұғалім кеңесі) тақырыбында қыз балаларға кеңес берілді.Жеке гигиенаны сақтау, шаш, тырнақ тазалығын сақтау керектігі жайлы әңгіме жүргізілді. Қыз балалардың мұғаліммен этикалық қарым-қатынас жағдайы туралы да әсерлі әңгіме жүргізіліп, бейне ролик көрсетілді.Көрсетілген бейнеролик бойынша талқылау жүргізіліп, негізгі ой анықталды. Мектеп медбикесі де қыздар гигиенасы жөнінде танымдық сағат өткізді.

Орындаған: Мустафаева Т.С.

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сі 2022-2023 оқу жылында құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстардың жүргізілуі туралы
Мәлімет