2022-2023 оқу жылы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама
21
июнь
2023

2022-2023 оқу жылы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама

«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы»КММ-сі 2022-2023 оқу жылы бойынша атқарылған тәрбие жұмыстарына сараптама
Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу»
Мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау; айналасындағы адамдармен қарым – қатынас дағдыларын игеруге , өзінің іс -әрекетін ой елегінен өткізуге бағытталған тәрбиелік шараларды ұйымдастыру.
Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Негізі: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа ала отырып ,жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі болатын, тәрбие жұмысының басым 9 бағытын қамтыды.

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
2. Рухани-адамгершілік тәрбие
3. Ұлттық тәрбие
4. Отбасы тәрбиесі
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салт
9. Кибер –гигиена тәрбиесі
Жаңа оқу жылы қарсаңында«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сінде тамыз айында «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Акцияның негізгі мақсаты –мектепке балаларды жинау, олардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі- барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.Соның ішінде атап айтсақ, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 8 балаға 25000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.Мектеп ұжымы осы акцияға белсене атсалысты. Мектеп ұстаздары Рымбаева А.С., Исаджанова Ж.А., Исаджанова З.А., Жабелдосов Д.К., Мустафаева Т.С., Шынтемиров О.А.,Оспанова Д.Е., Орысбаева Д.С., Буланова М.О., Мырзағалиев Ерасыл, Құрманғалиев Мурат, Увалиева М.С. құралдарын үлестірді.
«Жаппай оқуға қамту» айлығы аясында 0-18 жастағы балалар анықталып, тізімге алынды. 2022 жылдың 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында жалпыға міндетті оқу айлығы өткізілді. 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлық тобына 100 % қамтылды. 2-5 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 % қамтылды
«Жаппай оқуға қамту» айлығы аясында 0-18 жастағы балалар анықталып, тізімге алынды.
-0-18 жас аралығында - бала
-Бала бақшада -9 тәрбиеленуші
-Тегін ыстық тамақпен қамтылған -11 оқушы
-Көп балалы отбасы саны-4
-Көп балалы бала саны 0-18 жас бойынша -10 бала
-1-11 сынып бойынша көп балалы бала саны – 7 бала
-1-11 сынып бойынша аз қамтылған көп балалы бала саны-6
-Жағдайы жақсы көп балалы бала саны-1
-1-11 сынып бойынша көп балалы емес аз қамтылған балалар саны-4
-2021-2022 оқу жылында 14 бала тегін мектеп формасымен қамтылды
1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты:2022-2023 оқу жылы бойынша Білімі күніне арналған «Білімге құштар, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында патриоттық сағаттар жүргізілді.Адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін арттыру , білімді болуға құштарлығын арттыру мақсатында 2022-2023 оқу жылында 2-7 сыныптар арасында «Білімге құштар, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өтті.Тәрбие сағаты барысында Гимн орындалып оқушылар түрлі түсті қағаздармен топқа бөлінді.Мағынаны тану әдісі бойынша оқушыларға білім туралы сұрақтар қойылды.Бейне ролик арқылы оқушылардың еңбек туралы жеке пікірлері , ойлары тыңдалды.Білім күніне байланысты оқушылар ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа айтты. Биылғы жылы Мұқтар Әуезовқа 125 жыл, Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл екенін атап өтті. Сондай-ақ мектебіміздің ардагер, қадірлі ұстазы Жаңылхан Айдарханқызына сөз беріліп, еңбек жолындағы жетістіктері туралы сөз қозғалды. 2022-2023 оқу жылы бойынша Халық аралық балаларды қорғау күніне арналған «Бала құқығы және адам құқығы» республикалық онкүндік акциясының орындалды.«Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ республикалық акция аясында 2-7 сынып оқушыларына семинар ұйымдастырылып, сауалнамалар алынды. Зорлық-зомбылық көрген оқушыларды анықтау мақсатында оқушылардан жасырын сауалнамалалар алынды. Сауалнамалар нәтижесінде мектебімізде ,үйде зорлық –зомбылық көрген оқушылар анықталмады. 11 қарашада «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында 2-5 сынып аралығында сурет байқауы ұйымдастырылды. 14-қарашада бала құқығы туралы білімдерін тексеру мақсатында 6-сынып оқушыларына эссе жазу тапсырмасы берілді. 6-сынып жетекшісі Увалиева М.С. «Құқығым бар» эссе байқауы ұйымдастырды.15-қаршада «Бала және оның құқығы» тақырыбында 5-7 сынып арасында бейне көрсетілімді мектеп тәлімгері Амангелдинова Б.Е. ұйымдастырып , әр оқушыға жекелей тапсырмалар берлді. 17-қарашада «Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында 5-7 сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. 5-7 сынып жетекшісі Сарсембаева А.Г. жоғары дайындықпен ұйымдастырды.
2022-2023 оқу жылы бойынша қазан айында ҚР 25-қазан Республика күніне арналған іс-шара жоспары жасалып, жоспарға сәйкес іс-шаралар орындалды."Осы заңға сәйкес 25 қазан - Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітіледі. Бұл - тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылатынын түсіндіру,Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керектігін жеткізу мақсатында«Отаным –баға жетпес байлығым» тақырыбында 2-7 сынып аралығында 17 қазанда патриоттық сағат өтті. 18 қазанда «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында 0-7 сынып аралығында сурет байқауы өткізілді. Бұл тапсырмалар технология пәнінің мұғалімдері Сарсембаева А.Г. мен Исаджанова З.А. жүктелді. «І LOVE QAZAQSTAN» тақырыбында 5-7 сынып арасында флешмоб ұйымдастырылды. «Жасай бер, Қазақ елі!» тақырыбында 0-7 сынып аралығында мерекелік концерт өтті. 20-қазанда «Бейбіт елім –тұғырың сенің биікте» тақырыбында кітап көрмесі өтті . Өткізген кітапханашы Исаджанова З.А..Оқушылардың денсаулығын нығайту, патриоттық сезімін арттыру мақсатында«Біз- Жаңа Қазақстанның болашағымыз» тақырыбында 2-7 сынып арасында марафон спорттық көңілді эстафеталық сайыс өтті.5-ші сыныпта «Жас патриот күні» «Жас Ұлан » бірыңғай балалар жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау бойынша салтанатты жиын өтті.Өткізген Амангелдинова Б.Е.

2.Рухани-адамгершілік тәрбие:2022-2023 оқу жылында қыркүйек айында «Тіл туралы Заң» тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.
Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде тіл мерекесіне орай онкүндік өтеді. Онкүндікте түрлі іс-шаралар жоспарланады. Атап айтсақ, шығармалар сайысы, мәнерлеп оқу сайысы, көрмелер сайысы, мақала жазу сайысы, Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған салтанатты жиындар өткізіледі.
3-14 қыркүйек күндері 2-7 сыныптар аралығында Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күні мерекесіне арналып, барлық сыныптарда «Мемлекеттік тіл-менің тілім», «Ана тілім-ардағым» атты тақырыптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.
2-3 сыныптың жетекшісі Мустафаева Т.С.. ұйымдастыруларымен, «Ана тілің-ардағың» атты тақырыпта мектепішілік жиын өткізілді. Мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Жиында Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, оқушылар тілге байланысты әдеби-монтаж қойды. Бірнеше тілге байланысты тақпақтар айтылып, көріністен үзінділер көрсетілді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Оспанова Д.Е. «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» атты тақырыпта баяндама оқыды.
Сонымен қатар мектебімізде тіл мерекесіне арналып, мектеп кітапханашысы Зияда Айдарханқызының жетекшілігімен, көрме ұйымдастырылды. Бұл көрменің негізгі мақсаты-болашақ жас ұрпақтың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой-өрісінің биік болуына байланысты өткізілді.
Ұстаздарды ұлықтау –үлкен мәртебе» ұстаздар күніне арналған мектепшілік іс-шара жоспары орындалды. Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу мақсатында «Менің сүйікті ұстазым» тақырыбында 21-қыркүйек пен 30-қыркүйек аралығында оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына арнап өлең шығарып өздерінің ішкі лебіздерін білдіріп хат жазды..«Ұстазым –ұлағатым, үлгі- өнегем!» тақырыбында 2-7 сынып арасында ұстаздардың құрметіне мерекелік концерт қойылды.«Ұстаз деген жарқын күні ғаламның» тақырыбында ашық журнал әдісі бойынша ұстаздық жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардан сұхбат алынды. 30-қыркүйек күні «Ұстаздар ұлағаты» тақырыбында өзін- өзі басқару ұйымы пән мұғалімдерінің орнына сабақ берді.
«1-наурыз алғыс айту күні» тақырыбында іс-шара жоспары жасалынып , орындалды. Мектебімізде ақпан айының 25-нен бастап 1- наурызға дейін алғыс айту күніне байланысты әртүрлі шаралар өтті.
Шараның мақсаты: оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыру арқылы қайырымдылыққа баулу. Атаулы мерекеге 2-7 сынып оқушылары, 14 бала, 4 мұғалім, 8 ата-ана қатысты.
25-і күні«Мың алғыс!» атты алғыс айту күніне арналған газеттер мен суреттер байқауы өтіп,үздік газеттер мен суреттер мектеп дәліздеріне ілінді.
«Мен алғыс айтамын!» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында челлендж ұйымдастырылды. «Ата-анам –алтын тұғырым», «Спасибо маме, папе!» тақырыбында 2-7 сыныптар арасында сурет көрмесі өтті . «Ұстазыма рахмет» тақырыбында 2-7 сыныптар ұстаздарына арнап бейнеқұттықтаулар жолданды. Оқушылар ата-аналарына, ата-апаларына, ұстаздарына өз қолдарымен жасаған алғыс хат сыйға тартты,ашықхаттар әзірледі. 25.02-1.03 аралығында Қамқорлық кеңесі «Қайырымдылық-парызым» атты мұқтаж оқушыға арналған кеңсе тауарлары ұсынылды. «Ынтымағы жарасқан,бірлігі бекем , бақ қонған Қазақ елі!» тақырыбында 5-6 сыныптар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.
9-мамыр Ұлы жеңіс күніне арналған «Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс» атты мектепшілік іс-шара жоспары орындалды.
Мақсаты : Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
2-ші мамыр күні «Ұлы жеңіс –жасасын!»тақырыбында 2-7 сыныптар арасында ерлік сабақтары өтті. Сынып жетекшілер Мустафаева Т.С. және Сарсембаева А.Г. сынып сағаттарына таныстырылымдар дайындап, сыныпты 9-мамыр ерлік сабағына байланысты көрнекіліктермен безендірді.Ерлік сабақтарында оқушылар соғыс майдагерлерінің отан үшін шайқасқан ерлігімен танысып , патриоттық әндер шырқады.«Ешкім де , еш нәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында 2-3 сынып арасында челлендж ұйымдастырылды. «Желбірейді Жеңіс туы мәңгілік» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Жиын барысында Ұлы Отан соғысында құрбан болған бабаларды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланып, олардың ерліктерін дәріптеу мақсатында бейнеролик көрсетілді. «Біз- батырлардың үрпағымыз» тақырыбында технология пәнінің мұғалімдері Исаджанова З.А. мен Сарсембаева А.Г, сурет көрмесін ұйымдастырды. «9-мамыр Ер мен жердің жеңісі» тақырыбында мектеп кітапханашысы Исаджанова З.А. көрме дайындады.7-мамыр ұландар күніне орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жабелдосов Дулат «Жігіт сұлтаны-2023» сайысын ұйымдастырды.
3.Ұлттық тәрбие бағыты
2022-2023 оқу жылында «Азамат» ұлдар жұмысы атқарылды.
Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында білім мен өзін-өзі жетілдіругеқұштарлық, беріктік, Отан тарихына Тәуелсіз Қазақстанның бүгін мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.Көшбасшылық және ұйымдастырыушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы» тақырыбында әдептілік сабағы өткізілді.
«Маған өмір керек, мен өмірге керекпін» тақырыбында тренинг өткізілді.
«Зиянды әдеттерден аулақ болайық» тақырыбында ұлдармен профилактикалық сабақ өткізілді, бейне көрсетілім қойылды. Темекінің адам денсаулығына зиянды екенін ұлдардың санасына жеткізу барысында постер қорғалды.
«Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы» апталығына арналған іс-шара жоспары бекітіліп , тәрбие сағаттары өткізілді. «Бейбарыс Сұлтанның ерлігі» тақырыбында 2-7 сыныптар арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.Тәрбие сағаттарында Бейбарыс сұлтанның ерлігі насихатталып, өмір жолы туралы бейнеролик көрсетілді. Тарих сабағында «Батыр бабамыз Бейбарыс» Бейбарыс сұлтанның ерлігі туралы тарих пәнінің мұғалімі Оспанова Д.Е. 2-7 сынып оқушыларына конференциялық сабақ өткізді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде «Бейбарыс –ұлы дала елінің бахадүрі» тақырыбында кітапханалық саяхат ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Исаджанова З.А. кітапханалық саяхат барысында оқушыларға оның басынан кешкен қиындықтары мен жеткен жетістіктері туралы баяндады.
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік ел-тілегі » атты мектепшілік іс-шара жоспары жасалынып, орындалды.
1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу, ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің озық мәдениетін, салт –дәстүрін оқушылардың бойына сіңіру мақсатында 24 сәуірде 2-7 сынып оқушылары арасында «Достығы жарасқан, көп ұлтты Қазақстан!» тақырыбында бірілік сағаттары өтті.25-ші сәуірде ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрмет арттырып, татулықты , бірлікті , ортақ құндылықтарды насихаттау барысында кітапханашы Исаджанова Зияда Айдархановна «Қазақстан бірлік пен береке мекені» тақырыбында кітапханалық көрме өткізді.26-шы сәуірде оқушылар әр-бір ұлттың мәдениеті мен әдебиетін , салт-дәстүрін жаңғырту мақсатында «Көп ұлтты Қазақстан» тақырыбында әр сынып жарнамалық плакаттар және қабырға газеттерін әзірлеп ілді. «Ынтымақ-достық кепілі» тақырыбында 2-3 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды.Жастарды достық пен ынтымақтастыққа өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында шығарма жазу байқауы ұйымдастырылды. Байқау нәтижесінде 5-ші сынып оқушысы Оралбекқызы Томирис және 6-сынып оқушысы Берікқараева Балауса 3-орын алды. Барлық жұмыстар мектептің әулеметтік желілеріне жүктелді.
4.Отбасы тәрбиесі бағыты: «Бәрі де , ана, бір өзіңнен басталады» тақырыбына арналған іс-шара жоспары орындалды. Мақсаты: Оқушыларды барлық аналарға деген сүйіспеншілікке баулу , ана еңбегіін ардақтап , құрметтей білуге тәрбиелеу. 2-наурызда «Ұлтын танытқан Ұлы аналар» тақырыбында мектеп кітапханашысы Исаджанова Зияда Айдархановна Ұлы аналардың өмір жолында ұлы еңбектерімен таныстыру, жасаған ерліктерін дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырды. 3-наурызда «Аяулы ана, ардақты ана қымбаттым!» тақырыбында 2-5 сынып оқушылары 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай аналарына, ұстаздарына бейнеқұттықтау жолдап , ашық хаттар үлестірді. «Менің әжемнің туындысы» тақырыбында «Отбасы –мектеп» жобасы аясында әжелер мектебінің мүшелері Бейсебаева Алия, Баязова Дина Көкенайқызының қатысуымен мектеп оқушыларына өздерінің қолымен жасаған қол өнерлерін , тоқыма бұйымдарын көрсету , дәріптеу, таныстыру мақсатында шеберлік сағатын өткізді. Бұл шеберлік сағатында «Тұмар» әжелер мектебінің мүшелері оқушыларды тоқыма, тігу бұйымдарының қандай материалдан жасалғанын, оның қасиетін айтып , түсіндіріп өтті. Сондай –ақ оқушылар шеберлік сағатында қалдықтан түрлі бұйымдар жасауға болатынын түсініп , әр адамның сүйікті ісі болатынын білді. «Ана –өмір, ана –бақ» тақырыбында мектеп балабақшасы, даярлық сыныбы, мектеп оқушылары мектеп ұстаздарына , аналарға концерт ұйымдастырды.15-мамыр отбасы күніне орай «Менің жанұям » тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. «Бақытты отбасы –зорлық –зомбылықсыз әлем» тақырыбында ата-аналар жиынын ДТІЖО Мустафаева Т.С. өткізілді. «Менің берік отбасы» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары сурет салды. Мектеп кітапханашысы Исаджанова З.А. ұйымдастыруымен « Отбасы –бақыттың символы » тьақырыбында кітапханалық көрме ұйымдастырды.«Мен,сен, және біз берік отбасымыз» тақырыбында 5-7 сыныптар арасында шығарма жазылды.

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты: 2022-2023 оқу жылы бойынша қыркүйек айында «Күз береке, күз - мереке» атты іс-шараның орындалды.Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Хош келдің мектебіме Алтын күз,
Жомарттығын бақылайық бәріміз-дей келе, жыл сайын тойлап өтетін үлкен және мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелерінің бірі. Күзде жеміс-жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең. Күз – береке, сән – салтанат мереке айы, жиын – терім аяқталған кезде еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі мерекеленеді.
«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 10-ны мен 13-ші қазан аралығында «Күз береке, күз – мереке» атты іс-шаралары өтті. 1-ші сыныптар «Күздің керемет сыйы» атты жеміс-жидек, көкөністер композициясын құрып көрме ұйымдастырды. 2-ші сыныптар «Күз» атты өлеңді мәнерлеп жатқа айту мен сурет сайысын өтті. Ал, 3-ші сыныптар күз мезгіліне арналған ертегілер қойылымын көрсетсе, 6-шы сыныптар ақ қайың киімін әзірлеп, таныстыру бағдарламасын жасады.Жетекшісі Увалиева М.С. 5-7-сынып «Күз –жомарт » тақырыбына байланысты таныстырылым дайындап , тақырыпқа сай киім әзірледі. Жетекшісі Сарсембаева А.Г.Барлық сыныптар мерекелік дастархан әзірлеп, күзгі композицияға байланысты қол өнер дайындап келді.
2-ші сыныптар арасында өткізілген сайыстың шарты: әр сыныптан 1 оқушы «Күз» туралы 4 шумақ өлеңді жатқа мәнерлеп айтып, сол оқушы А3 форматына күз мезгілінің суретін салу болды.
Қазанның 11-і күні сағат 15.30-да болатын сайысқа 2 сыныптар арасынан 13 оқушы қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Буланова М.О. мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Исаджанова З.А. , оқушылардың өнерін тамашалап, әділ бағасын беріп, жақсы тілектер мен ұсыныстарын айтып отырды. Өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа айтқан оқушылардың саны бірінен –бірі өтіп жатты. Әрине, сайыс шартында сурет салу үй тапсырмасы болғандықтан, оқушыларға өз ата-аналары сурет салуға көмектескені көрініп тұрды. Себебі, салған суреттері көздің жауын алады.
Сайысқа жауапты мұғалімдер өздерінің тапсырмаларын бөліп, өз жұмысын орындап,алға қойған мақсаттарына жетті. Сайыс өтетін жерді бірігіп безендіріп, сайысты тамашалауға 2-3 сынып жетекшісі Мустафаева Т.С. шақырды.
Сайыстың қорытындысы бойынша 2-3 сынып І орын, 6-сынып пен 5-7 сынып ІІ орынды иеленді.Белсене қатысқаны үшін барлық оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
Көгалдандыру жұмыстары бойынша мамыр айында жалпыға бірдей республикалық экологиялық акция өткізілді.

Мақсаты: "Жасыл мекен" челленджі бойынша білім алушыларды
еңбекқорлыққа тәрбиелеу, көгалдандыру, мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарына жұмылдыру.Бклі алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Биылғы оқу жылында мектеп ауласын көгалдандыру жұмысы «Жасыл мекен» челленджі бойынша жүргізілді. Оған мектеп ұстаздары, кіші қызметкерлер, оқушылар қатысты. Көгалдандыру жұмысында алма ағашы – 15, шие ағашы – 5, өрік ағашы – 5, қарақат бұтасы – 10 түп, гүлден – роза гүлі, гиоргина, майорщик, астра, петуния гүлдерінен 70 түп отырғызылды.

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты:
Оқушылардың заң талаптарын ұстану мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралардың орындалды.
Тақырыбы:Оқушылардың заң талаптарын ұстану мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу,оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету,оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру,құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, , шығармашылық қабілеттерін шындау. Осы мақсаттарды басшылыққа ал отырып сынып жетекшілер құқық туралы тәрбие сағаттарында оқушыларға құқық туралы түсінік берілді.«Сен өз құқығыңды білесің бе?» тақырыптарында сынып сағаты жүргізілді.Жағдаяттардан шығу жолында «Мен және заң» тақырыптарында тренингтер өткізілд.Құқықтық тәрбие беру мақсатында сынып сағаттарын өткізілді.Ата-аналар жиналысы ,ата-аналар мен балаларды қатыстыра отырып жиында жүргізілді.Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етілді Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге байланысты «Бала құқықтары» туралы Конвенциясымен таныстырылды.

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты :
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты:Нашақорлықтың , денсаулыққа зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстары орындалды.
Мақсаты:Жасөспірімдердің нашақорлығы және оларды есірткіден оқшаулау әлемдегі ең өзекті және шешілуі қиын мәселе екенін көз жеткізу ,есірткіге жағымсыз көзғалыс қалыптастыру ұрпағын салауатты өмір салтына баулу мақсатында қазан айында «Есірткіге құмарлық әлеуметтік ауру" тақырыбында Сарсембаева А.Г. дәріс сабақ өткізді.»Нашақорлық-ғасыр дерті .Есірткіге жол жоқ"» тақырыбында қараша айында 5-7 сыныпта семинар сабақ өтті, өткізген тәлімгер Амангелдинова Б.Е. Желтоқсан айында 6-сыныпта «Есірткісіз болашақ» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. «Есірткі, темекі несімен қауіпті» тақырыбында 2-3 сыныпта қаңтарда сурет көрмесі өтті. Өткізген 2-3 сыныптың жетекшісі Мустафаева Т.С. «Есірткі түбі-ажал» тақырыбында 2-7 сыныптарға бейнефильм көрсетілімі қойылды. Көрсетілім соңында есірткінің адамның сезімін толықтай жансыздандыратынын,есірткі қолдану қауіпті екенін үғындыру бойынша «Сұрақ –жауап» әдісі тапсырмасы орындалды. Оқушылар нашарқорлық – қайғы – қасірет әкелетінін,нашаркорлық есірткі заттарына тәуелділікке байланысты, ағзаның физикалық және психикалық қызметтерінің бұзылуына, аяғы өлімге әкеліп соғатын сырқат екенін біліп , есірткіден иммундық жүйе зардап шегетінін, соның салдарынан адам ағзасы әр түрлі инфекцияларға қауқарсыз екенін білді. Ақпан айында 5-7 сынып арасында «Біз туберкулез ауруы туралы не білеміз?» тақырыбында лекциялық сабақты мектеп медбиексі Дуйсенбаева Г.К. өткізді.

Кибер-гигиена, кибер қауіпсіздік, кибермәдениет:Оқу жылы басында ата-аналармен кибер қауіпсіздік туралы жиналыс жүргізілді. Әр ата-анаға баласының жеке смартфонына ата-ана тарапынан бақылау жүргізілу қажет.Баланың телефонына шектеу қойылу туралы ұсыныстар , талаптар айтылды. Сондай-ақ оқушыларға кибергигиена туралы танымдық сағаттар, пікір таластар жүргізілді."Интернеттің пайдасы мен зияны туралы" 2-7 сынып аралығында тәрбие сағаттары өтті. 2-7 сыныптарға «Кибербуллинг туралы не білеміз?», «Кибербуллинг,буллинг қауіпсіздіктері» тақырыбында профилактикалық сабақтар жүргізілді.
Тәрбие бағыттары бойынша жіберілген кемшіліктерді айқындай отырып алдыма келесі 2021-2022 оқу жылына мынадай мақсаттар мен міндеттерді орындау .
Тәрбиенің мақсаты: Дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбиенің міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;
3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;
4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптасытру;
5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;
6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;
7) әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;
8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;
9) бала тәрбиесінде жалпы және қосымша білім беру жүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;
10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;
11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.









«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ-сі 2022-2023 оқу жылының ақпан айы бойынша жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, зор-лық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілік, ерте жүктіліктің алдын алу жөніндегі 4 жақты ведомствоаралық іс-қимыл жоспарының әр тармақтарының орындалуы туралы есеп
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқықтық мүмкіншіліктері туралы ақпан айында іс-шаралар атқарылды. Ақпан айында түнгі кезекшілік кестесі құрылып, әкімшілік тарапынан түнгі рейд ұйымдастырылды.
Мектеп психологі мен директордың тәрбие існің меңгерушісі тоқсанына бір рет оқушылардың үйлері араланып , жағдайлары тексерілді.
Жасөспірімдер ортасындағы құқықбұзушылықтың және девиантты мінез-құлықтың алдын алу шаралары бойынша ақпан айында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын анықтау мақсатында 5-7 сынып оқушыларынан «Конвенциямен балалық шақ әлемі» атты сауалнама алынды. Сауалнаманың мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің Бала құқықтары туралы Конвенцияның негізгі ережелері туралы, өз құқықтары туралы хабардарлық деңгейіне мониторинг жүргізу.Сауалнамаға 5-7сыныптардың 8 оқушысы қатысты; сауалнама қорытындысы шығарылып, сараптама жасалды.
Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ақпан айында ата-аналармен жиналыс жүргізілді.Мектепте тәрбиесі қиын КЖТІБ инспекциясында есепте тұрған оқушылар жоқ.
Ұлдармен жұмыс
Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында білім мен өзін-өзі жетілдіругеқұштарлық, беріктік, Отан тарихына Тәуелсіз Қазақстанның бүгін мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу.Көшбасшылық және ұйымдастырыушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ер баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы» тақырыбында әдептілік сабағы өткізілді.
«Маған өмір керек, мен өмірге керекпін» тақырыбында тренинг өткізілді.
«Зиянды әдеттерден аулақ болайық» тақырыбында ұлдармен профилактикалық сабақ өткізілді, бейне көрсетілім қойылды. Темекінің адам денсаулығына зиянды екенін ұлдардың санасына жеткізу барысында постер қорғалды.
Наурыз айында Руслан Үржар АПБ ЖПҚБКТІБ УПИ полиция аға лейтенанты Өмербеков Руслан Қайратұлымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет » тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Жасөспірімдердің суицидтік(ауто-деструктивті)мінез-құлқының алдын алу және болдырмау шаралары
Ақпан айында «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 5-7 сынып оқушылары арасында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың өзіндік бағалауын көтеруге көмектесу, суицидтің алдын алу. Өткізген педагог-психолог Амангелдинова Б.Е.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Ақпан айында«Қатігездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында балаларды қатыгездікпен және немқұрайлылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.Өткізген 5-7 сынып жетекшісі Сарсембаева А.Г.
Жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулықты сақтау шаралары: жыныстық тәрбие, ерте жүктіліктің алдын алу
бойынша медицина қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Ақпан айында «Салауаттылық — салтымыз»» тақырыбында ДТІЖО Мустафаева Т.С.қыздар жиналысы бойынша қыздар жиналысының күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстырып өтті. Жиналыс барысында Сәрсембаева А.Г. «Тазалық –денсаулық кепілі» (жеке бас гигиенасы туралы мұғалім кеңесі) тақырыбында қыз балаларға кеңес берілді.Жеке гигиенаны сақтау, шаш, тырнақ тазалығын сақтау керектігі жайлы әңгіме жүргізілді. Қыз балалардың мұғаліммен этикалық қарым-қатынас жағдайы туралы да әсерлі әңгіме жүргізіліп, бейне ролик көрсетілді.Көрсетілген бейнеролик бойынша талқылау жүргізіліп, негізгі ой анықталды. Мектеп медбикесі де қыздар гигиенасы жөнінде танымдық сағат өткізді.
«Қызғалдақ» қыздар жұмысының орындалуы туралы мәлімет
Мақсаты: Сыныптағы әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.
Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу мақсатында бейнероликтар көрсетілді,мектеп медбикесімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл жұмыс қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру үшін және қыз баласына тән белгілі бір ұнату сезімін бастан кешіру кезінде түсініспеушілік болса, оған қыздардың мұңайып, өздеріне жамандық жасамауы үшін алдын алуға міндеттейді. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, шаштарын соңғы сән үлгісімен өздеріне жарасатындай қию туарлы кеңестер берілді.Сонымен бірге өз құқықтырын біліп, өздерін қорғауға және мектеп оқушыларының, яғни өз міндеттерін дұрыс орындауға тәрбиелеу барысында«Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқып-үйрену процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына төмендегідей қолайлы жағдайларды жасалды.
Мектептегі жаймашуақ орта;
Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;
Әрбір оқушы қыз баланың мүддесіне көңіл қою;
Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;
Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.
Сонымен қатар мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай бойжеткен идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару мақсатында «Мектеп формасы-2022» тақырыбында презентациялар әзірлеу тапсырмалары берілді.

Мақсаты: Сыныптағы әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.
Наурыз айында «Ана.Келін. Бойжеткен» (аналармен бірге дөңгелек үстел) тақырыбында ДТІЖО Мустафаева Т.С.қыздармен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты: қызбалаларды тәрбиелеуде үлкен мән , үлкен жауапкершілік бар екенің ұғындыра отыоып, тән сұлулығының тамыры- тазалықта, тәртіпте екеннің білу. Дөңгелек үстел барысында жоспар құрылып, жоспар негізінде жұмыс жүргізілді.. Қазақтың қыз баланы тәрбиелеу тәрбиелеу дәстүрі. 2. Тән саулығының тамыры – тазалықта. 3. Бүгінгі қыз- ертенгі ана. Осы тақырыптарды негізге ала отырып алдымен баяндама оқылды:
Қазақ отбасында қыз балаға тәрбие берудің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс- тіршілігімен, тұрмыс- салтымен және мәдениеттілік тығыз байланысты. Қазақ қауымында ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз баланы тәрбиелеу, негізінен, отбасында жүзеге асырылған.
Халқымыз қыз бала тәрбиелеуді мекендердің, ата- анасының, елге белгілі кісілердің жақсы істерін үлгі ету мақсатында мысалдар келтірілді. Ұят ", " намыс ", " ар ", ұғымдарын кең пайдалана отырып ата ана мен қыздар өзара пікірлерімен бөлісті.