21
ноябрь
2023
«Қызғалдақ» қыздар жұмысының орындалуы туралы мәлімет
«Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы» КММ 2023-2024 оқу жылы бойынша «Қызғалдақ» қыздар жұмысының орындалуы туралы мәлімет
Мақсаты: Сыныптағы әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.
Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық,әсемдік, жақсы қарым-қатынас сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу мақсатында бейнероликтар көрсетілді,мектеп медбикесімен кездесу ұйымдастырылды. Бұл жұмыс қыз балаларға қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығын сезіндіру үшін және қыз баласына тән белгілі бір ұнату сезімін бастан кешіру кезінде түсініспеушілік болса, оған қыздардың мұңайып, өздеріне жамандық жасамауы үшін алдын алуға міндеттейді. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды таза, әсем, жарасымды киім киіп, өздерін күтуге, шаш өруге, шаштарын соңғы сән үлгісімен өздеріне жарасатындай қию туарлы кеңестер берілді.Сонымен бірге өз құқықтырын біліп, өздерін қорғауға және мектеп оқушыларының, яғни өз міндеттерін дұрыс орындауға тәрбиелеу барысында«Өмір, қымбатсың маған!» тақырыбында тренинг өткізілді. Оқып-үйрену процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына төмендегідей қолайлы жағдайларды жасалды.
Мектептегі жаймашуақ орта;
Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;
Әрбір оқушы қыз баланың мүддесіне көңіл қою;
Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;
Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.
Сонымен қатар мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай бойжеткен идеалын қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару мақсатында «Мектеп формасы-2023» тақырыбында презентациялар әзірлеу тапсырмалары берілді.
Орындаған : ТІЖО Мустафаева Толкын Сейсенбековна