15
февраль
2020
Ұлы Абайға 175 жылдығына орай "Өлмейтұғын артында сөз қалдырған"
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» клубының ұйымдастыруымен ақынның шығармашылығымен таныстырып, насихаттау, рухани азық алу мақсатында «Жас жүрек соғар Абай » деп поэзия кеші, жастарды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында «Ұлды ұясында баулы», «Қызға қырық үйден тыйым» пікір алмасу шаралары өтті. «Абай әлемі» тақырыбында Абай бұрышы жасалды. «Абай – заман тынысы» (Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарына кіріктірілген минуттар енгізу) барысында Абайдың ғұмыры мен өшпес еңбектері туралы түсіндірме жұмыстар жргізілді. Пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен «Әлемнің Абайы» 5-10 сынып арасында эсселер жазылды. 17 қыркүйекте «Қазақта қара сөзге дес бермедім...» .Қара сөздерді жатқа айту сайысы 2-10 сынып арасында өткізілді. Әдеби монтаж (ақын өмірінен көрініс) 2-4 сыныптар арасында бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастырылуымен 20- қыркүйекте өткізілді. «Дархан халықтың дана Абайы» деген тақырыпта 8-10 сынып арасында 27 қыркүйекте әдеби кеш жоғары деңгейде өтті. Шара соңында мектеп директоры А.С.Рымбаева белсене қатысқан оқушыларды алғыс хаттарымен марапаттады. Кеш «Менің Қазақстаным!» әнімен аяқталды.