12
февраль
2024
ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 1-ші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар
Қарабұйрат орта мектеп –бақшасы» КММ
2023-2024 оқу жылы
Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі туралы
Анықтама
Желтоқсан
Қыркүйек айында «Отбасы - бақыт бесігі. Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша ата-аналармен тренинг өткізілді.Тренинг барысында балалардың әл-ауқаты оның бақытты өмірінің негізі екенін дәлелдеу үшін түрлі тапсырмалар орындатылды. Ата-ананың баланың әл-ауқатына жауапкершілігін арттыру барысында бейнефильмдер көрсетілді..Кішкентай балалардың жас және әлеуметтік ерекшеліктері бойынша ой қозғату жұмыстары жүргізілді..Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас орнату.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген отбасылық тәрбие туралы айтылды.
Қазан айында « Білімдіге дүние жарық.Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?» тақырыбында семинар сабақ өткізілді. Семинар сабақ барысында «Баланың танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және мектепке бейімделуін диагностикалау» жөнінде презентация көрсетілді.Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері бойынша түрлі қызықты тапсырмалар орындалды.Үй тапсырмасы: көмектесеміз бе әлде... деген сұрақтар қойылды.Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті туралы ой қозғалды.
Қараша айында «Әрбір бала – жарық жұлдыз .Әр баланың ерекшелігін қалай ашамыз?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Баланың ерік-жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу.Баланың оқуына, мінез-құлқына және жасауына қарым-қатынас жасауына темпераменттің әсері жайлы ой қозғалды. Баланың даралығын темпераментіне сәйкес қалай ашуға болады? тақырыбында сауалнама алынды. «Әр баланың бірегейлігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті» тақырыбында постер қорғалды.
Желтоқсан айында Баланы жастан...Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады? тақырыбында жиын өтті.Жиын барысында Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық интеллектуалдық ойындар туралы айтылды, әр түрлі тапсырмалары бар ойындар ойнатылды. «Интеллектуалды ойындар және олардың бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны дамытуға әсері» тақырыбында таныстырылым көрсетілді.»Баланың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуда отбасы мен мектептің өзара әрекеті туралы» ата-аналар өз ойларымен бөлісті.
Орындаған ДТІЖО Мустафаева Т.С.