Акт хаттама 17.10.2024 ж » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2025

Акт хаттама 17.10.2024 ж

Тамақтану сапасы мониторингісін жүргізу жөніндегі комиссия отырысының
№1 хаттама
17 қазан 2024 жыл

Қатысушылар: Мектеп әкімшілігі, комиссия мүшелері
Комиссия төрағасы:
1.Ж.С.Сапаров – мектеп директоры;
Комиссия мүшелері:
2.Қасен Б.Е. – ДӘІЖО;
3.Увалиева М.С. – Кәсіподақ ұйымының төрайымы;
4. Дүйсенбаева К.К. – Мектеп медбикесі;
5. Баязова Д.К. – Қамқоршылық кеңес төрайымы;
6. Сембаева Ж.Т. – ата-аналар комитетінің өкілі;

Күн тәртібінде:
1. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
2. Асхананың санитарлық жағдайын бақылау.
Тыңдалды:
1.Мектеп директорының м.а. Ж.С.Сапаров сөз сөйледі. Асхананың дайындығы, санитарлық-гигиеналық жағдайы, ас дайындауға азық-түліктің болуы туралы таныстырды. Акт бойынша дайындалған тағамдар мәзірге келетіндігі туралы айтып өтті. Асханада температуралық тәртіп сақталған. Тоңазытқыштарды тазалап отыру керектігі туралы айтылды. Тағамдарды қайта даярлау үшін пайдаланылған кейбір құралдарды тазартып отыру керек. 2. Кәсіподақ ұйымының төрайымы Увалиева М.С. сөйледі. Оқушылардың ыстық тамақпен қамту бойынша мектепте барлық ыстық тамақпен қамтылмайтындығын, кейбіреуі ішкілері келмейтіндігі туралы айтып өтті. 3. Мектеп медбикесі Дүйсенбаева К.К. сөз сөйледі. Асхананың санитариялық-гигиеналық жағдайы талапқа сай қанағаттанарлық екені туралы айтылды.

Шешім:
1.Оқушылардың тамақтану сапасын қажетті нормаларға сәйкестігі.
2.Сынып жетекшілері оқушылардың тамақтану сапасын бақылау.
3.Директор жанындағы отырыстарда тамақтану жөнінде мәліметтерді хабардар етіп отыру.

Комиссия төрағасы: Ж.С.Сапаров
Хатшы: Б.Е.Қасен

«Бекітемін»
Мектеп директорының м.а.:
_______________Ж.С.Сапаров
«17» қазан 2024 ж.


АКТ

Біз төмендегі комиссия мүшелері:
17.10.2024 жылы асханада тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың калориясын, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Тексеру барысында асханадағы кейбір ыдыстардың шынысы ұшқаны анықталды. Оларды дер кезінде ауыстыру керектігі ескертілді. Пласмас стакандарды пайдаланбауға тиым салынатыны ескертілді.
Ас мәзірі:
№ Тамақ атауы Тамақ шығымы
1 Тауық котлеты 100 гр 120 гр
2 Картоп езбесі 200 гр 200 гр
3 Нан 24 гр 42 гр
4 Самса сиыр етінен 140 гр 160 гр
5 Кампот 200 гр 200 гр

Комиссия мүшелерінің шешімі: Асхана мен тамақ ішетін орын талаптарға сай. Тегін ыстық тамақ оқушыларға ас мәзірі бойынша беріліп отыр.
Комиссия төрағасы:
1.Ж.С.Сапаров – мектеп директорының м.а.;
Комиссия мүшелері:
2.Қасен Б.Е. – ДӘІЖО;
3.Увалиева М.С. – Кәсіподақ ұйымының төрайымы;
4. Дүйсенбаева К.К. – Мектеп медбикесі;
5. Баязова Д.К. – Қамқоршылық кеңес төрайымы;
6. Сембаева Ж.Т. – ата-аналар комитетінің өкілі;