Акт хаттама 15.11.2024 ж » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2025

Акт хаттама 15.11.2024 ж

Тамақтану сапасы мониторингісін жүргізу жөніндегі комиссия отырысының
№2 хаттама
15 қараша 2024 жыл

Қатысушылар: Мектеп әкімшілігі, комиссия мүшелері
Комиссия төрағасы:
1.Ж.С.Сапаров – мектеп директоры;
Комиссия мүшелері:
2.Қасен Б.Е. – ДӘІЖО;
3.Увалиева М.С. – Кәсіподақ ұйымының төрайымы;
4. Дүйсенбаева К.К. – Мектеп медбикесі;
5. Баязова Д.К. – Қамқоршылық кеңес төрайымы;
6. Сембаева Ж.Т. – ата-аналар комитетінің өкілі;

Күн тәртібінде:
1. Мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру кезіндегі асхананың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын тексеру.
Тыңдалды:
1.Комиссия төрағасы: Ж.С.Сапаров 15.11.2024 жылы болған бракераждық комиссия тексерісінің қорытындысын айтты. Тексеру барысында асхананың таза, жарық, тамақ дайындайтын орындардың санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай екендігін айтып өтті. Асхананы тексеру бойынша АКТ жасалынып, арендатор танысып, қол қойды.
2.Мектеп әдіскері: Б.Е.Қасен сөйледі. Жаңа 2024-2025 оқу жылының басындағы бекітілген тізім бойынша 2-8 сыныптардың 7 оқушысы тегін тамақтанады. Күнделікті үлкен үзілісте оқушылар тамақтанады. Күн сайын комиссия құрамы оқушыларға берілетін ыстық тамақтың ас мәзіріне сәйкестігін анықтады.
3. Мектеп медбикесі Дүйсенбаева К.К. сөз сөйледі. Ас блогында жұмыскерлердің денсаулық жағдайын тіркеу және тағамдардың, аспаздық өнімдердің сапасын органоплептикалық бағалау журналдары басталған. Күнделікті қадағалап отырамын.

Шешім:
1.Оқушыларға берілетін ыстық тамақ ас мәзіріне сәйкес дайындалсын және асхананың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы брокеражды комиссия тарапынан жүйелі түрде қадағалансын.

Комиссия төрағасы: Ж.С.Сапаров
Хатшы: Б.Е.Қасен
«Бекітемін»
Мектеп директорының м.а.:
_______________Ж.С.Сапаров
«15» қараша 2024 ж.


АКТ

Біз төмендегі комиссия мүшелері:
15.11.2024 жылы асханада тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында мектеп асханасының ас әзірлеу блогының тазалығы, ас әзірлейтін ыдыстары, тамақтың сапасы тексерілді. Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігін, дайын тамақтың калориясын, асхананың тазалығы, таңбасы бар өндірістік үстелдер және асхана ыдыстары тексерілді. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді.
Ас мәзірі:
№ Тамақ атауы Тамақ шығымы
1 Сиыр етінен жасалған котлет 100 гр 120 гр
2 Суға піскен макарон 120 гр 150 гр
3 Нан 24 гр 42 гр
4 Кампот 200 гр 200 гр

Комиссия мүшелерінің шешімі: Асхана мен тамақ ішетін орын талаптарға сай. Тегін ыстық тамақ оқушыларға ас мәзірі бойынша беріліп отыр.
Комиссия төрағасы:
1.Ж.С.Сапаров – мектеп директорының м.а.;
Комиссия мүшелері:
2.Қасен Б.Е. – ДӘІЖО;
3.Увалиева М.С. – Кәсіподақ ұйымының төрайымы;
4. Дүйсенбаева К.К. – Мектеп медбикесі;
5. Баязова Д.К. – Қамқоршылық кеңес төрайымы;
6. Сембаева Ж.Т. – ата-аналар комитетінің өкілі;