«1-желтоқсан-Тұңғыш президент күні» » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1-желтоқсан-Тұңғыш президент күні»
15
февраль
2020

«1-желтоқсан-Тұңғыш президент күні»

Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы,туып-өскен,оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын ,халқын
сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу мақсатында «Қарабұйрат орта мектеп –бақша» КММ –сінде қарашаның 29 күні 2-10 сынып аралығында «1-желтоқсан-Тұңғыш президент күні» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өтті. 2-4 сыныпта «Кемеңгер Елбасы » , 3 сыныпта «Біздің сүйікті Елбасы» , 5 сыныпта «Елін сүйген Елбасы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтті. 7-9 сыныптарда «Менің президентім», 8-10 сыныпта «Елбасының ерен еңбегі» тақырыптарында ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Ашық тәрбие сағаттарына ата-аналар , мектеп әкімшілігі қатысты. Оқушылар ашық тәрбие сағаттарына жоғары дайындықпен келген. Елбасына арнап өлең жолдарын арнап, әндер шырқады. Елбасының ерен еңбегін бағалап , әрқашан жадымызда сақталады деп ой қорытты.