Адал ұрпақ » Карабуйратская средняя школа-сад
Абай облысы білім басқармасы
Үржар ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қарабұйрат орта мектеп-бақшасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2020

Адал ұрпақ

«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сі 2019-2020 оқу жылында оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілген жұмыстар туралы мәлімет
«Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде оқушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шаралардың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында мектепішілік «Адал ұрпақ» мектепішілік клубы құрылып, жұмыстар жүргізіліп келеді. «Адал ұрпақ» мектепішілік клубына 2-10 сыныптардың 43 оқушысы мүше. «Қарабұйрат орта мектеп-бақша» КММ-сінде жоспарға сәйкес қаңтар айында клуб мүшелері «АДАЛ БОЛУДЫ ҮЙРЕН» атты үнпарақ дайындап таратты. Даналарымыздың айтқан нақыл сөздерін және жемқорлыққа қарсы сурет белгілерін көрсетіп, артқы жағына биылғы жылдың күнтізбесін жасақтады. Мақсаты: Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттарын одан әрі ашу, қандай жағдайда да адал болуға тәрбиелеу. Келешекте сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмыстарын бірге жүргізуге шақыру. Ақпан айында тәлімгер Б.Амангелдинова 7-8-9 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет –елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында ситуациялық ойындар өткізді. Ар-ұят, абырой мен жауапкершілік, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттайтын бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі ережелері, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы таныстырылды. Шараға 22 оқушы қатысты.
13 қыркүйек күні мектебімізде бір күндік "Жемқорлық жоқ ел – өркениетті ел» тақырыбында сынып сағаттары өтті, спорттық ойын түрлері ұйымдастырылды.